» » KMF-ПЕН КӘСІБІН ШИРАТҚАН КҮЗЕНБАЕВТАР ОТБАСЫ

KMF-ПЕН КӘСІБІН ШИРАТҚАН КҮЗЕНБАЕВТАР ОТБАСЫ

Микроқаржы ұйымдарының ауыл халқын, ауылдағы кәсіпкерлерді қолдауда қарқынды жұмыс жасап жатқанын жақсы білеміз. Мұндай функцияларды өзінің негізгі қызметі деп білетін KMF микроқаржы ұйымы арқылы Жалағашта да кәсіп бастап, оның жемісін көріп жатқандар жетерлік. Олардың қатарында аудан тұрғыны Ахмет Күзенбаев та бар.

Осыдан 3 жыл бұрын Күзенбаевтар отбасы KMF микро­қаржы ұйымының аудандық филиалы арқылы 8 млн теңге қаражатқа қол жеткізеді. 6,5 млн теңгеге аудан орталығынан бос жатқан жер телімін алған отбасының тірегі кейін сұлулық салонын ашуды жоспарлайды. Бір жылға жалғасқан құрылыс жұмыстары бітісімен үлкен қызы Айткүл Ахметқызы өз кәсібі арқылы халыққа қызмет көрсете бастады.

– Осыдан бірнеше жыл бұрын бастаған ісіміздің жемі­сін көріп жатырмыз. Кәсіп бастау үшін тиісті қара­жатқа банктер арқылы қол жеткізу қиынға соқты. KMF микроқаржы ұйымының қолдауымен кейін 8 млн теңгеге қол жеткізіп, жұмысты бастап кеттік. Әрқайсымыз күніне кем дегенде 15-20 мың теңге табамыз. Мұнда барлығы 7 адам жұмыс жасайды. Қазір 2 орынды жалға беріп отырмыз. Өз тұтынушыларымызға шаш қию, шаш бояу, кірпік жалғау, бет әрілеу, тырнақ бояу секілді 10-ға жуық қызмет түрін көрсетеміз. Жұмыс таңғы сағат 7:30-да бас­талып, кейде адамдар көптеп келіп жатқан күндері кешкі 23:00-ге дейін жұмыс жасаймыз, – дейді кәсіпорын иесі Айткүл Кеңес.

Осыған дейін сұлулық салонның бір бөлігі бос тұрған еді. Қазір ол нысанды Күзенбаевтар отбасы тұрмыстық заттар сатылатын дүкенге айналдырған. Бұл дүкеннің де күніне келетін тұтынушылары көп. Бұрын тауар алып келу үшін аптасына облыс орталығына бір баратын Ахмет Кеңесұлы бүгінде бас шаһарға күнара қатынайды. Бұған азық-түлік дүкеніндегі заттардың өтімділігі басты себеп болып отырған көрінеді.

Кәсіпкер отбасы кейін бастаған ісінің көкжиегін кеңейтуге бел буады. Яғни кент орталығынан тағы бір үлкен сауда орнын ашуды жоспарлаған. Алайда бұған қомақты қаражаттың жоқтығы қолбайлау болады. KMF микроқаржы ұйымының аудандық филиалына барып, бұл ойымен бөліскенде филиал қызметкерлері кәсіпкерді тағы да қаржылай қолдауға дайын екенін жеткізіпті.

– Бұған дейін 8 млн қаражат алғанмын. Енді бұл қаржы ұйымынан тағы да қомақты қаражатқа қол жеткізу мүмкін бе, жоқ па, сол жағын білу үшін аудандық филиалына бардым. Ондағы азаматтар менің мақсатыма көз жеткізген соң тағы да қаржылай қолдауға дайын екенін айтты. Жуырда тағы 10 млн теңге алдым. Қазіргі таңда аудан орталығынан тағы бір сауда орнын ашу үшін құрылыс жұмыстарын бастап кеттім. Бұл жобамның болашағы жарқын екеніне сенемін. Себебі осы сауда саласында жұмыс жасау арқылы оған көз жеткіздім. Әрине, оған да KMF микроқаржы ұйымы басты себеп болды. Жалпы отбасылық бизнесті бастауымызға осы қаржы ұйымы үлкен көмек берді. Сондықтан оларға алғысым шексіз, – дейді Бақыткүл Бисенова.

Қазіргі таңда Ахмет Кеңесұлы мен жары Бақыткүл Бисенова аудандағы орталық базарда күнделікті тұрмысқа қажетті бұйымдар сатумен айналысса, үлкен қызы Айткүл Кеңес “Aitkul Axmetkyzy” сұлулық салонымен өз тұтынушыларына сапалы қызмет етіп отыр. Бұйыртса, KMF микроқаржы ұйымы арқылы олардың тағы бір жобасы өз жұмысын бастағалы тұр. Осылайша аталған микроқаржы ұйымының қолдауын тиімді пайдаланған олар бүгінде отбасылық бизнестің жемісін көруде. Бақыткүл Қуанышбекқызының сөзінше, алдағы уақытта басқа да жобаларды осы микроқаржы ұйымы арқылы жүзеге асыру ойларында бар екен.

Нарыққа 24 жыл бұрын келген бұл ұйым­ның жалпы кредит портфелінің 130 миллиард теңгеден астамы кәсіпкерлерге берілген. Жалпы клиент­терінің 68 пайызы ауыл адамдары болып табылады. Ал KMF-тің қаржыландыруымен кәсібін дөңгеленткен іскер отан­дастарымыз 183 мыңнан аса жұмыс орнын ашса, 90 мыңнан аса адамның кіріс көзі бүгінде мал шаруашылығы мен егіншілікте. Демек, бұл микроқаржы ұйымы қай сала бойынша да кәсіпкерлерді қолдауға дайын.

Айта кетейік, KMF – Қазақстандағы ең ірі мик­ро­қаржылық ұйым. Отандық қаржы нарығына 1997 жылы келген компания елімізде берілген мик­­рокредиттердің жалпы көлемінің 30 пайызына ие. Компания өкілдерінің айтуынша, мұндай нә­ти­желі жұмыстардың өзіндік құпиясы бар, ол – бірінші кезекте ұйымның емес, клиенттің әлеу­мет­тік жағдайын жасауында. Осылайша, KMF мик­роқаржылық ұйымы елдегі ауыл шаруашылығы, өн­діріс, сауда салаларының дамуына оң серпін беріп, отандық экономиканың алға басуына өз үле­сін қосып отыр. Ол үшін бірқатар оңтайлы бағдарлама да ұсынылған. Мәселен, «Достар» деп аталатын бағдарлама арқылы бірнеше адам бірігіп, кепілдіксіз 6 миллион теңгеге дейін ала алады. Бір қызығы, кепілдікке достардың адамгершілігі, бір-бірінің алдындағы жауапкершілік қойылады.

Осы сияқты шағын және орта бизнесті дамы­туға арналған, ерекше шарттармен берілетін мик­ро­кредиттер жетерлік. Мысалы, «Микро», «МСБ», «Сенім» және тағы да басқа. Онлайн ақша алу, энергияны үнемдейтін тауарларды сатып алуға ар­налған микрокредит, тұтынушылық мақсаттарға не­месе бизнес үшін, жер телімін немесе көлік са­тып алуға қолайлы микрокредиттер туралы kmf.kz сайтынан немесе ұялы телефоннан тегін қоңы­рау шалуға болатын 7474 нөмірлі байланыс орталығынан білуге болады.

Ерлан СОЗАҚБАЕВ


01 қараша 2021 ж. 1 844 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 762

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930