» » КӘСІПКЕРЛІК КӨКЖИЕГІ КЕҢЕЙІП КЕЛЕДІ

КӘСІПКЕРЛІК КӨКЖИЕГІ КЕҢЕЙІП КЕЛЕДІ


Қазіргі таңда Мемлекет тарапынан кәсіп бастаушыларға қолдау көп. Мұндай мол мүмкіндікті құр жібергісі келмейтін іскер азаматтар кәсіпкерлік бағытында тегін оқып, қажетті қаражатқа қол жеткізуде. Соның нәтижесінде, бұрын ауылда жұмыссыз жүрген кейбір жерлестеріміз қазір мал ұстап, төрт түлік басын көбейтіп отыр. Одан бөлек, өндіріс саласын өркендетіп, халыққа қызмет көрсету орталығын ашып жатқандар да тұралап қалған кәсіпке жан бітіре бастады. Бұл жөнінде аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы Жасұлан Еспенбет бізге берген сұхбатында айтты.
– Жасұлан Ерданұлы, күн санап кәсіпкерлердің қатары артып келеді. Жалпы, ауданда қанша кәсіпкерлік субъектісі бар?
– Ауданда шағын және орта кәсіп­кер­лікті дамыту бағытында атқа­рылған жұмыстар өз жемісін беріп отыр деуге болады. Аудан бойынша 2018 жылдың қорытындысымен тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 2300 бірлікті құрап, оның 83,2 пайызы жұмыс жасауда. Тоқтап тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 2017 жылмен салыстырғанда 593-тен 386-ға азайды. Яғни, 207 бірлігі заңға сәйкес жабылды немесе жұмысын қайта жалғастырды. Ал, биылғы жылдың 1 сәуірі бойынша 2279 шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері тіркеліп, оның 87,4 пайызы нақты жұмыс жасап тұр.
– Бұған дейін мемлекеттік бағ­дар­ламалар арқылы қанша адам­ның жобасы қаржыландырылды?
– 2018 жылы мемлекеттік және өңірлік бағдарламалар аясында шағын және орта кәсіпкерлікті бастау немесе дамыту бағытында 294 кәсіпкер 3 млрд 149 млн теңгеге қаржыландырылды. Атап айтқанда, «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында екінші деңгейлі банктердің облыстық филиалдары арқылы 9 жоба 459,6 млн теңгеге қаржыландырылса, оның ішінен 5 жоба 90,4 млн теңгеге ішінара кепілдендірілді. Яғни, 5 кәсіпкерге «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры арқылы кепілдеме жүргізілді. Ал, 2019 жылдың 1 тоқсанында мемле­кеттік және өңірлік бағдарламалар аясында шағын және орта кәсіпкерлікті бастау немесе дамыту бағытында 11 кәсіпкер 256 млн теңгеге оң қорытынды алды. Атап айтқанда, «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында екінші деңгейлі банктердің облыстық филиалдары арқы­лы жеке кәсіпкер С.Айнабаеваның бала­бақша сатып алу жобасы 55 млн теңгеге, Жеке кәсіпкер Д.Дүйсебаеваның айналым қаражатын толықтыру жобасы 20 млн теңгеге, «Таң ЛТД» ЖШС-ның айналым қаражатын толықтыру жобасы 120 млн теңгеге қаржыландырылды. Сонымен бірге, аталған бағдарлама аясында несие алуға ауданның 6 кәсіпкері жалпы құны 505 млн теңгені құрайтын жобалардың құжаттарын өткізіп, банк қорытындысын күтуде. Ал, «Микробизнес - Қызылорда» бағдарламасы аясында ауданнан 14 кәсіпкердің жобалары 60,5 млн теңгеге оң қорытынды алды. Оның ішінде жастарды кәсіпкерлік саласына тарту мақсатында ауданнан 13 жас кәсіпкердің жобалары «Қызылорда Өңірлік инвестициялық орталығы» микроқаржы ұйымына ұсынылып, оның ішінен 8 жастың 39 млн теңгені құрайтын жобалары мақұлданып, құжаттары жинақталуда. Алдағы уақытта «Бастау» бағдарламасы бойынша жастарды қысқа мерзімді оқу курстарына оқыту жоспарланып отыр.
– Оның ішінде, ата кәсіпті жандандыруға және өндіріс көлемін ұлғайтуға ниетті жандардың үлесі қанша?
– Осы жылы «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ның облыс­тық филиалынан «Сыбаға» бағдар­ламасы аясында 2 жоба 20 млн теңгеге және «Кәсіпкер» бағдарламасы аясында 6 жоба 34 млн теңгеге, «Игілік» бағдарламасы бойынша 2 жоба 7 млн теңге алды. Сондай-ақ, биыл жалпы құны 679 млн теңгені құрайтын 11 жоба, «Сыздық» ШҚ-ның тәулігіне 60 тонна қара күрішті ақтау және жем өндіру цехы құны – 100 млн теңге, жеке кәсіпкер Г.Исахановтың қара күрішті ақтау және жем өндіру цехы құны – 100 млн теңге, жеке кәсіпкер М.Көптілеуовтің химиялық тазалау орталығы құны 6 млн теңге, «Жер Ана» ШҚ-ның 50 бас МІҚ малына арналған сүт фермасы құны – 20 млн теңге, «АгроЛидерТаң» ЖШС-ның мал сою және ет бумалау цехы құны – 306 млн теңге, жеке кәсіпкер М.Ертуғанованың 50 адамдық қоғамдық моншасы құны – 30 млн теңге, жеке кәсіпкер Б.Мырзағалиевтың техникалық қызмет көрсету орталығы құны – 20 млн теңге, жеке кәсіпкер Ж.Қазыбайұлының қонақ үй және тамақтану кешені құны – 30 млн теңге, жеке кәсіпкер Н.Ералиевтың балықты алғашқы өңдеу цехы құны – 11 млн теңге, жеке кәсіпкер М.Кәрбоздың 3 жылыжай кешені құны – 6 млн теңге, жеке кәсіпкер Г.Бекетаеваның мал бордақылау алаңы және жылыжай кешені құны – 50 млн теңгеге іске асырылады деп жоспарланса, қазіргі уақытта жеке кәсіпкер Г.Исахановтың қара күрішті ақтау және жем өндіру цехы, жеке кәсіпкер М.Ертуғанованың 50 адамдық қоғамдық моншасы, жеке кәсіпкер Ж.Қазыбайұлының қонақ үй және тамақтану кешені іске қосылды.
– Биыл – жастар жылы. Осыған орай, жастарды кәсіпке баулу, олардың жобаларын жүзеге асыру бағытында қандай жұмыстар жүргізілді?
– «Жастарды қолдау жылы» деп жария­лануына байланысты ағымдағы жылдың мамыр айында «Жас кәсіп­керлер» форумын өткізу жоспарлануда. Өткен наурыз айында «Қызылорда Өңірлік инвестициялық орталығы» микроқаржы ұйымына 13 жас кәсіпкердің жобалары ұсынылып, оның ішінен 8 жастың 39 млн теңгені құрайтын жобаларына оң қорытынды алынып, қазіргі таңда құжаттары түгенделіп жатыр. Алдағы уақытта да кәсіпкерлікпен айналысқысы келетін жастарды қолдауға, бағыт-бағдар беруге дайынбыз.
– "Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту", "Сыбаға" деген мемлекеттік жақ­сы бағдарламалар бар. Осы арқылы жұ­мыссыз азаматтар оқытылып, оларға өз ісін бастауға мүмкіндік берілген. Өткен жылы қанша адам осы бағ­дарламаның шарапатын көре алды?
– Былтыр «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы аясында 170 жоба 539,6 млн теңгеге қаржыландырылды. Оның ішінде, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы 88 жоба, «Өңірлік инвестициялық орталығы» арқылы 58 жоба, Аграрлы несие корпорациясы арқылы 24 жоба қаржыланды­рыл­са, «Қызылорда» өңірлік инвестициялық орталығының «Микробизнес-Қызылорда» бағдарламасы аясында 39 жоба 134,3 млн теңгеге қаржыландырылды. Сонымен қатар, «КазАгроҚаржы» акционерлік қоғамының облыстық филиалы арқылы 11 шаруашылық 1 млрд 619,7 млн теңгенің техникаларын лизинг арқылы алды. Тағы бір айта кетерлігі, «Ауыл» және «Сырдария-1» несие серіктестіктері арқылы мал және егін шаруашылығы бағытында 32 жоба 260,8 млн теңгеге қаржыландырылса, «Байқоңыр» әлеу­мет­тік кәсіпкерлік корпорациясы арқылы «АгроЛидерТаң» ЖШС-ның мал сою және етін бумалау цехы 48 млн теңгеге қол жеткізді. Ал, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ның облыстық филиалынан «Сыбаға» бағдарламасы аясында 1 жоба 43 млн теңгеге және «Кәсіпкер» бағдарламасы аясында 5 жоба 22,5 млн теңге алды. Сонымен қатар, өткен жылы жалпы құны 688,4 млн теңгені құрайтын 8 жоба іске қосылып, қазіргі таңда кәсіпкерлік нысандары пай­далануға берілді.
– Бұл кәсіпкерлік субъектілерінде қанша адам жұмыспен қамтылған?
Былтыр тіркелген 2300 кәсіпкерлік субъек­тілерінде 8932 адам жұ­мыспен қамтылған. 2017 жылдың қоры­тын­ды­сымен салыстырғанда жұмыс­пен қам­тыл­ған адам саны 450 адамға көбейіп, 5,3 пайызға артты. Ал, биыл бұл бағыттағы көрсеткіш еселене түсті. Яғни, кәсіпкерлік субъектілерінің қатары артқанына байланысты жұмыспен қамтылғандардың да саны ұлғайды. Жоғарыда айтып өткен 8 жаңа кәсіпкерлік нысандарының өзінде 84 жаңа жұмыс орны ашылды.
– Кәсіпкерлер қатары жыл санап артып келе жатқаның байқадық. Олай болса, кәсіпкерлік субъектілері арқылы өндірілетін өнім көлемі де ұлғайған шығар...
– Экономикалық қызмет түрлері бойынша 2018 жылдың 12 айында өнеркәсіп өнімдерінің (тауарлар, көрсетілген қызмет) көлемі 4 млрд 963 млн теңгеге орындалып, 2017 жылмен салыстырғанда 110,2 пайызды құрап отыр. Оның ішінде, кәсіпкерлік субъектілері арқылы өндірілген өнім көлемі 4 млрд 585 млн теңгеге орындалды. Жалпы, кәсіпкерлердің қатары артқан сайын өнім көлемі де еселенетіні анық. Сондықтан, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда өнім көлемі де, кәсіпкерлік санының да көрсеткіші жоғарылады.
– Өткен жылы аудан әкімі барлық ауылдарға жылыжай салу керектігін айтып, ауыл әкімдеріне тиісті тапсырма берді. Осы бағытта қандай жұмыстар атқарылып жатыр?
– Дұрыс айтасыз, былтыр аудандағы шаруашылық басшыларының қаты­суы­мен кеңейтілген жиналыс өтіп, Жалағаш кенті және 11 ауылдық округ әкімдеріне шаруашылық басшыларымен және белсенді кәсіпкерлермен бірлесіп жылыжай кешендерін салу жөнінде тапсырма берілді. Қазіргі таңда Жалағаш кенті, Ақсу, Аламесек, Бұқарбай батыр, Еңбек, Мақпалкөл, Мәдениет және Таң ауылдық округтерінде 8 жылыжай кешендері құрылысын жүргізу үшін қажетті жер телімдері табысталып, құрылысы басталды. Бұл жылыжайлар жуырда толық пайдалануға берілетін болады. Ал, Аққұм, Жаңаталап, Мырзабай ахун және Шәменов ауылдық округінде бұл жұмыстар жақын арада басталады деп күтілуде.
– Қазіргі таңда кәсіп бастауға ниетті азаматтар көп. Бірақ, олар кәсіпті неден бастау керектігін білмейді. Осындай жағдайда олар не істеу керек?
– Кәсіп бастауға ниетті азаматтар біздің бөлімге немесе кәсіпкерлік палатасына келіп, қызметкерлерден кеңес алуға болады. Онда оқу курсына қатысып кә­сіп­ті бастау, оны жүргізу жөнінде то­лық­тай ақпарат ала алады. Оқу курсына қатысуға ниетті аудан тұрғындары кент және ауылдық округ әкімдеріне, аудандық жұмыспен қамту орталығына және кәсіпкерлік палатасына барып тізілуге бо­лады. Сосын тиісті бизнес тренерлер оқытады және әрі қарай сүйемелдеу жұмыстарын жүргізіп, кәсіпті қалай бастау керектігін үйретеді.
– Сауалдарға жауап бергеніңізге рахмет!

Сұхбаттасқан
Нұрсұлтан ҚАЗБЕКОВ.

20 сәуір 2019 ж. 958 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 763

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930