ТОЗҒАН ҚАЗДЫ ТОПТАНҒАН ҚАРҒА АЛАДЫ
Қызыр дала кезіп жүріп ырыстан: «Қайда барасың?», – деп сұрапты дейді. Сонда ырыс: «Бірлігі бар елге бара жатырмын», – деп жауап беріпті. Рас қой, бірлігі жоқ, берекесі кеткен елден ырыс та қашады, құт та қонақтамайды. Қазақтың «ырыс-құт», «береке-бірлік» деген сөздерді бір-біріне қосарлап айтып, қастер тұтатыны да сол екен.
Жер бетінде қайғы-қасіретті көп көріп, мехнатты азап тартқан халықтың бірі қазақ шығар. Қазақтың алакөз дұшпаны да халқымыздың өз ішіндегі алауыздығын пайдаланған ғой. Бір-бірін жүзге, руға, елге, жерге бөліп, таласып-тартысып жүрген берекесіз елдің іргесі бүтін болушы ма еді?! Кез келген жау сол іргесі сөгілген елді оңай шауып, олжалап кетеді. «Тозған қазды топтанған қарға жейді» дегенді айтқан бабаларымыз, елдің бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарған бірлігі мықты болмаса, аңдыған дұшпанға алдыратынын меңзеп кетсе керек. Бұл жайында Төле бидің де бір тағылымды тәмсілі бар еді ғой: «шыбықты бір түйірлеп сындыру оңай, ал оларды бір уыс етіп буғанда сындырмақ түгіл майыстыра да алмайсың» дейтұғын. Иә, қазақ деген – мен, қазақ деген – сен. Сондықтан біз жоғарыдағы сөздерді қазақты кемсітіп, өзімізді қор санап айтып отырғанымыз жоқ. Ол – тарихи шындық. Ел болған соң ішінде тентек-телісі, басбұзар бұзығы, ел ішіне бүлік салатын арандатушылары болады, әлбетте. Бірақ бір орманды өртейтін сіріңкенің бір тал шиі секілді бір ұлттың тұтастығына сол бір арандатушының өзі жеткілікті екен. Бір қызығы әрі қорқыныштысы, тұтанса түгел бір орманды отқа орап, тып-типыл ететін бір тал ши де сол орманның ағашынан жасалады екен, ал бір өзі бүтін бір елге бүлік тудырып, халық арасына іріткі салып, бір мемлекетке қауіп төндіретін әлгі арандатушы да сол ұлттың өз құрсағынан жаралады екен...
Бір кездері өздері көшіп-қонып, жайлап-қыстаған байтақ далада баянды ғұмыр кешу үшін қазақ деген халыққа атқа қонуға тура келді. Айналасында анталаған алакөз дұшпандар барда тыныштықтың, бейбіт өмірдің бедері болмайтынын білген бабаларымыз тек сырттағы жаумен ғана емес, өз ішіндегі арандатушылармен, жантықтармен күрес жүргізіпті. «Ауыл иті бөрі келгенде бірігеді» деген сөз де сол кезден қалса керек. Астарына үңілсең, онша жақсы сөз емес, қазақтың жай күндері өзара алауыздығын, тек сыртқы жаудан қорғану үшін ғана бас қосып, бір тудың астына жиналатынын меңзеп тұр. Бірақ бүгінгінің өлшемімен қарасаң, нақылға айналып кеткен осы сөздің қадірі артып бара жатқан секілді. Шүкір ғой, ол жаугершілік алағай замандар өтті, өзінің заңды шекарасы бар тәуелсіз ел болдық. Алайда, әлі де болса ел ішінде «дұшпан» көп және олар өз ішімізден шыққан дұшпан. Ең қауіпті жау да сол іштен шалатын жау. Қазір біз елдің тынышытығын, береке-бірлгін ойлайтын ақсақалдар мен ел ағалары азайып кетті деп кеудеміз азынап көп айтамыз. Иә, бұрындары бір ақсақал-ақ бүтін бір елдің берекесін кіргізіп, жеріне ырыс ұялатып, тентек-телісін тезге салып, түзетіп, уысында ұстап отырған ғой. Ол кезде үлкеннің сөзінің байламы, кішінің тоқтамы бар еді...
Біз қазір ел ішінде болып жатқан ірілі-ұсақты келеңсіздіктерді, жағымсыз оқиғалардың себебін ақсақалдармен байланыстырып жүргеніміз қате секілді. Әрине, қазақ қоғамына қашанда ақылшы адам ауадай қажет, ақсақалдарымыз бен алдымыздағы ардагер ағаларымыздың орны да төрден түскен жоқ. Бірақ біз қазір адамзат ақыл-ойының дамуы ғарыштық жылдамдыққа ауысқан ХХІ ғасырда өмір сүріп отырмыз. Оның үстіне демократиялық мемлекеттің тұрғындарымыз. Ал енді осындай ашық қоғамда өмір сүріп отырып, осы қисық басып қояды-ау деп, әрбіріміздің қадамымызды бір-бір ақсақал аңдып, ақыл айтып, бағыт-бағдар беріп отыруы керек пе? Тағы да қайталап айтайық, бұл қазіргі қазақ қоғамына ақылшы, жанашыр жандардың қажеті жоқ деген сөз емес...
Сонымен тақырыпқа ойысайық. Соңғы уақытта ел ішінде түсініксіз жағдайлар көбейіп кетті. Әлеуметтік желіде отырып алып, сынықты сылтау етіп халықты алаңға шақырып, билікке қарсы қойып, өздері тасада қызықтап қарап отыратын екі ұрты да арам қуаяқтар көбейді. Әрине, бұл жердегі мақсатымыз биліктің сойылын соғу емес, біздің ішкі үніміз – ел ішінің тыныштығы, бейбіт өмірдің бедері бұзылмаса екен дейді. Ғасырлар бойы тұла бойымыздан қан, көзімізден жас, маңдайымыздан тер сорғалап жүріп, өліп-талып қол жеткізген тәуелсіздігімізді сақтап қалу үшін бізде ел тыныштығына тілекші болудан өзге жол жоқ және оған бәріміз де жауаптымыз. Өйткені, ол – біздің кіндік қанымыз тамған, түбінде тәніміз табысталатын қасиетті топыраққа деген перзенттік парызымыз. Біздің ұрпағымыз да осы елде, осы жерде өсіп-өнеді. Ал ұлты мен ұрпағын ойлаған әрбір адам, әрбір әке, әрбір ана балалары өсіп келе жатқан сол елдің тыныштығын ойлауы тиіс.

Жоғарыда әлеуметтік желідегі «отаншыл», «халықшыл», «мемлекетшіл» әсіре белсенділерді айттық. Өзінің Отанын сатып, ондағы байлықты ұрлап, халық қазынасын жымқырып, шетел асып, қашып кеткен бұрынғы шенеуніктер қазірде әлеуметтік желі арқылы халықты азғырып, екіге бөліп, билікке қарсы қойып, тіпті тату адамдарды бір-біріне айдап салып отыр. Сол арандатушылардың жалған сөздеріне ерген халық көшеге, алаңға шығып арандап қалып жатыр. Осындай елбұзарлардың кесірінен қанашама адам жазықсыз жапа шегіп келеді. Өйткені, алаңға шығатындардың көбі саяси сауаты төмен, заң жүйесінен бейхабар жандар. Өзінің опасыздығынан өз Отанына сыймай, кісі елінде қаңғырып жүрген арандатушылар халықтың сондай осал тұсын пайдаланады.
Басқасын айтпағанда, осы ауданымыздың өзінде ел ішіне іріткі салушылар қылтиып бой көрсетіп жүр. Инстаграм әлеуметтік желісіне тіркелген «Жалағаш критика» парақшасын аты-жөні белгісіз біреулер жүргізіп отыр. Ол азаматтардың осы ауданның тұрғындары екені анық. Дұрыс! Қоғам болған соң оның бет алған бағытының оң-теріс жағы болады. Оған халық тарапынан сын айтылады. Сын мінді түзетеді. Бізде әлі сын қабылдау мәдениеті қалыптасқан жоқ. Қоғамның олқы тұстарына ашық сын айтып және сол мәселенің шешілу жолын да көрсететін адам – халыққа шын жаны ашитын адам. Бірінші тараптан айтылған сында ешкімнің жеке басын кемсітетін немесе намысына тиетін сөздер болмаса, одан нәтиже шығаруға ұмтылған екінші тарап ұтпаса, ұтылмайды. Айналып келгенде, сол сыннан шыққан нәтиженің абыройы екеуіне де ортақ, ал пайдасы – халықтікі. Ал «Жалағаш критиканың» көздегені мүлдем бөлек секілді. Аталған парақшадағы авторсыз сыни жазбалардың астарынан біреуге деген өшпенділікті, кекті аңғарасыз. Жанашырлықпен жазылған, айтылған сынның өзінен жылылық білінеді, арғы жағында үміт оты жылтырап тұрады. Егер инстаграмдағы осы аталған парақшаның авторы шынымен осы ауданға жаны ашыса, неге аты-жөнін көрсетіп ашық жазбайды? Оған не кедергі? Демократиялық мемлекетте, ашық қоғамда өмір сүріп отырып, астыртын жұмыс істеп, елге жаны ашығансып, жеке басының мүддесі үшін халықты арандату – қорқақтық, ұятсыздық һәм сатқындық. Ауданымыздың ертеңіне алаңдайтын, ел ішінің береке-бірлігін ойлайтын адам тығылып отырып, тасадан тас атпайды. Керісінше, сол мәселені шырылдап жүріп ашық көтеріп, оң шешімін табуына өзі бір жағында жүріп билікке демеу болады.
Айналып келгенде айтпағымыз, бақ та, береке де, ырыс та, құт та, байлық та бейбітшілігі сақталған, бірлігі бар елге қонақтайды. Ал бірлігі жоқ елден береке кетеді, берекесі кеткен елден ырыс кетеді, ырысы жоқ елдің басынан бағы таяды, бағынан айырылған ел тозған қаздың кебін киіп, топтанған қарғаға жем болады. Алла бізді содан сақтасын!
Қуат АДИС