Қырық бір ырыс
XV ғасырдың ғұлама ғалымы, шипагер Өтеубойдақ Тілеуқабылұлы "Шипагерлік баян" атты кітабында «қырық бір ырыс» жайлы жаза кеткен. Бұл туралы естімеген болсаңыз, біле жүріңіздер. 1. Жаратылым – жан ырысы 2. Тіршілік – хан иесі 3. Хан – тақ иесі 4. Тақ – әділдік ырысы 5. Әділдік – нақ ырысы 6. Байлық – сән ырысы 7. Сән – сәулет ырысы 8. Сәулет – дәулет ырысы 9 . Сыйласым – татулық ырысы 10. Тұлпар – батыр ырысы 11. Ынтымақ – бірлік ырысы 12. Қайтпас ер – найза ырысы 13. Ерлік білегі – елдің ырысы 14. Су молдығы – көлдің ырысы 15. Еңбек – дән ырысы 16. Жарасым – береке-бірлік ырысы 17. Өнер – білім ырысы 18. Білім – өнер ырысы 19. Қос босаға – түтін ырысы 20. Әділ би – бүтін ырысы 21. Шілдехана – төр ырысы 22. Кебін – көр ырысы 23. Жаңбыр – жер ырысы 24. Ірге – ай ырысы 25. Жақсы сөз – жан ырысы 26. Шежіре бәйіт – сөз ырысы 27. Ақыл – көздің ырысы 28. Инабат – ізеттілік ырысы 29. Жақсы садақ – жасақ ырысы 30. Қалқан – арашашы ырысы 31. Шөп – мал ырысы 32. От – ел ырысы 33. Су – мал-жан ырысы 34. Ажал – жан алу ырысы 35. Жас – бақыт ырысы 36. Қан – құт ырысы 37. Сыйластық – сенімнің ырысы 38. Шыдамдылық – төзімнің ырысы 39. Тайсалмау – талаптың ырысы 40. Науқас – сырқаттың ырысы 41. Шипагерлік емдеу – айығудың ырысы.
massaget.kz
massaget.kz