» » Ұлтқа – ұлағат, ұрпаққа – тағылым

Ұлтқа – ұлағат, ұрпаққа – тағылым

Елбасының «Тәуелсіздік тағылымы» мақаласын бір деммен оқып шықтық. Шынында бүгінгі тәуелсіз елдің ұрпақтары осындай еркін, азат күнге қалай жеткенімізден бейхабар болуы әбден мүмкін. Оны шынайы оқиғамен саралап, салмақтап, түйсігіне бекітіп айтуымыз керек. Елбасы оны қарапайым тілмен, жас ұрпақтың жүрегіне жететіндей етіп, боямасыз шындықпен, өз отбасындағы, өз басынан өткен ауыртпалықтармен шендестіріп, көркем бейнелеген.

Саясаткерлердің сөзіне сүйенсек, қазіргі таң­да әлемде 2000-ға жуық халық бар. Соның небәрі 192-сі ғана өз мемлекетін құрған. Қалға­ны­ның өз мемлекеттілігі жоқ, өз тағдырын өзі шеше ал­майды. Егемен ел емес. Сондықтан тәуел­сіздікті қадірлеп, қастерлеу аса маңызды екені даусыз.

Мемлекет түгіл жеке адамның өзі жүріп өткен жолына бағдар жасап, жетістікке жетудегі, шыңға шығудағы өзінің соқтықпалы соқпағынан бастап, даңғылға қадам басу тарихын бір шолып барып, әрі қарай еркін қадам басады. Сол секілді Елбасы біздің тәуелсіз мемлекетіміздің отыз жылдағы алға қадам басуының елеулі сәттерін жас ұрпаққа өсиеттеп жеткізіп отыр.

Шынында тәуелсіздіктің отыз жылында қазақ елі қандай жолды жүріп өтті? Саяси, эконо­ми­ка­лық, әлеуметтік, идеологиялық дағдарысты ең­сердік. Бірақ салыстырмалы түрде келгенде Қазақ­станның жетістігі мол. Ең бастысы, өзге ел­­дердей аумақтық тұтастығынан айырылып қалмай, үлкен қантөгіске бармай, азаттыққа жол ашу – жасалған ерен еңбектің нәтижесі.

Егемендік өзінен-өзі еңсе тіктеген жоқ. Бұл да ұстамды, байсалды саясаттың жемісі. Бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтау өз алдына бөлек әңгі­ме. Ядролық қарудан бас тарту секілді түрлі түйт­кілді мәселені шешу, Қытай мен Ресей секілді көршілес елдер­мен тату қарым-қатынаста болу, шекараны шегендегеніміз салыстырмалы түрде Қазақ елінің экономикалық-әлеуметтік жағдайының қанша­лық­­ты жақсарғаны, ТМД елдері ішінде жетекші нә­ти­желерді көрсетіп отырғаны, мұның бәрі – төк­кен тердің ақысы.

Тұжырымдап келгенде, саяси сананы жаңғыр­тып, қиындықпен келген баға жетпес байлық саналатын қырандай еркін самғаған шағымыздың қадірін біл, оны әрі қарай да баянды ету сендерге аманат деген ой толғауын жеткізіп отыр.

Расында ел тәу еткен тәуелсіздік ғасырлар бойы ата-бабалар аңсаған ұлы мұрат болатын. Сол керемет тарихи кезең біздің ұрпақтың пеше­не­сіне бұйырғаны қандай ғажап?!

Қантөгіссіз, бейбіт жағдайда қазақ елі еркін­дік­ке қол жеткізді. Бәлкім бұл ата-бабалары­мыз­дың ғасырлар бойы сарылып күткен көз жасы­ның, маңдай терінің, асыл арманының өтеуі болар? Қалай десек те, қазақтың басына түскен небір нәу­бет пен ашаршылық, сұм соғыстан кейінгі ат төбеліндей қазақтың шамшырағы жанып, айы оңы­нан туған ақжолтай күн болғанын бүгінде тәуел­сіз елдің 30 жылдық мерекесінде сүйіншілеп, айдай әлемге қол соғып, айтатын күн.

Тәуелсіздік алған жылдардан бері қарай алып­тай адымдап, құлашымызды кең жайып, еліміз өр­кендеп келеді. Алаш жұртының жүрегінде жар­қын болашаққа деген сенім оты жарқырады. Әлем­нің өркениетті елдерімен шендесіп, жас ұрпа­ғымыз заманауи білім биігін бағындырды. Жа­һан­дық жаңа трендтердің қатарында болу үшін «Болашақ» бағдарламасы жасалып, жаста­рымыз әлемнің ең үздік университеттерінде оқып, білім алуда. Ал қаражат жеткіліксіз болған өткен ғасырдың 90-жылдары студенттердің оқу ақысын, жүріп-тұруы мен күнкөрісін мемлекет өз мойнына алды. Осы уақытқа дейін 15 мыңнан астам маман даярланғаны, олардың елімізді дамытуға үлес қосып жатқаны көңілге қуаныш сыйлайды.

Әлемдік деңгейдегі жоғары оқу орны – Назар­баев университеті, Назарбаев зияткерлік мек­теп­тері желісі, ақпараттық технологиялар сала­сындағы стартаптарға арналған «Астана-хаб» халық­аралық технопаркі ашылғаны жастар­дың ілгерішіл өзгерістердің көш басында болуына көмектеседі.

Тәуелсіздіктің бойтұмарындай, азаттықтың жыр-дастанындай, егемендіктің шежіресіндей Елба­сының қолтаңбасы ұлтқа ұлағат, ұрпаққа тағылым болары анық.

Гауһар ҚОЖАХМЕТОВА

21 желтоқсан 2021 ж. 381 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 760

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930