» » ЕЛІ СҮЙГЕН, ЕЛІН СҮЙГЕН ЕЛБАСЫ

ЕЛІ СҮЙГЕН, ЕЛІН СҮЙГЕН ЕЛБАСЫ

Тәуелсіздік деген шексіз байлыққа жету жолында қаншама ата-бабамыз қиын кезеңдерді басынан өткеріп, осы бейбіт заманды бізге аманаттап кетті. Ал ауызбіршілікпен, ымырамен іс қылып, егемендіктің қандай еңбекпен, ерлікпен келгенін өзіміз жете түсіну арқылы өскелең ұрпақтың бойына да өрлікті, патриоттықты тарихқа терең бойлай отырып сіңіру – бүгінгі аға буын үшін азаматтық міндет. Себебі Қазақстан жарқын болашағын бүгінгі жастармен байланыстыратынын Елбасы өз сөзінде бірнеше мәрте атап өткен болатын. Ойлап қарасақ, тәуелсіздіктің алғашқы жылдары да Қазақстан қиын күндерді еңсеріп, бүгінгідей дамыған елдердің қатарынан орын алуы үлкен еңбектің жемісі екені анық. Сол тұста сарабдал саясатымен мемлекетті жарқын болашаққа жетелеген Елбасының еңбегі ерен. Бүгінгі мәдениет және өнерді дамыту орталығында өткен шарада да тарихқа терең бойлаған жалағаштықтар Тұңғыш Президенттің тәуелсіз елді ортақ мақсатқа жұмылдырудағы еңбегіне қанықты.

Тұңғыш Президент күніне арналған шараның ашылу салтанатында аудан әкімі Асылбек Шаменов бүгінде дамудың даңғыл жолына түскен мемлект мерейін үстем етудегі Елбасының еңбегіне тоқталды.
– Тәуелсіз Қазақстанның іргетасын қалап, шекарасын бекітіп, болашаққа бағыт-бағдар берген, жер жаһанға танытып, бүгінгідей беделді әрі қуатты мемлекетке айналуымызда Елбасы, Ұлт Көшбасшысы, Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегі ұшан-теңіз. Сондықтан болар, Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуын Елбасының атымен тікелей байланыстырамыз. Ол –заңдылық. Егемендік алғаннан бергі сан түрлі сынағы көп жылдардан сүрінбей өткен сарабдал саясаткер халықты соңынан ертіп үлкен мақсат-мұраттарға жетеледі. Нәтижесін қазіргі Қазақстанның жеткен жетістігінен-ақ аңғаруға болады. Ендеше биылғы тәуелсіздіктің мерейлі жылында тоғызыншы мәрте тойланғалы отырған Тұңғыш Президент күнінің мән-маңызы ерекше деп ойлаймын. Енді сәл шегініс жасап, өткенге көз жүгіртсек… 1991 жылдың 1 желтоқсанында бүкілхалықтық сайлау нәтижесінде ел тарихында алғаш рет халық өз Президентін сайлады. Осылайша бұл күн Тәуелсіз Қазақстанның тарихында таңбаланып, қатталды. «Елбасы» ұғымын алғаш рет заманымыздың заңғар жазушысы Әбіш Кекілбаев 1991 жылы 10 желтоқсанда Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тамаша жеңісінен кейін, ел тарихындағы тұңғыш ұлықтау рәсімі кезіндегі тілек сөзінде қолданған еді. Содан бері «Елбасы» атауы шынайы ұғымға, бүкілхалықтық атауға айналды. Елбасымыз айтқандай, «Ұлы жолдағы сапарымыз сәтті, болашағымыз жарқын болсын!» Еліміздің өркендеуі жолында жасап жүрген қызметтеріңіз табысты, Отанымыз – Тәуелсіз Қазақстанның мерейі үстем, мәртебесі биік болсын! Сіздерді Тұңғыш Президент күнімен құттықтай отырып, отбасыларыңызға амандық, бақ-береке тілеймін! Еліміз, елін жарқын болашаққа бастаған кемеңгер Елбасымыз аман болсын, – деді А.Өмірбекұлы.
Мерекелік шара мұнан кейін аудан өнерпаздарының дайындаған ән кешімен жалғасты.
“ЖЖ” ақпарат
 
30 қараша 2020 ж. 430 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 767

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930