» » Халыққа қолдау қашанда қажет

Халыққа қолдау қашанда қажет

КЕМЕЛ БАСШЫНЫҢ КӨРЕГЕН ШЕШІМІ » Жалағаш жаршысыТәуелсіздік алған жылдары ел шекарасын бекітіп, Қазақстанның егемен ел ретінде қалыптасуы жолында аянбай тер төккен Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың жүріп өткен жолы, ел үшін еткен еңбегі халық жадынан өшпейді. Қай кезде де, әсіресе ел басына күн туған шақта, қиын-қыстау кезеңдерде көшбасшы болып, сарабдал саясатының арқасында еліміз үшін кемел келешек жасады.
Енді міне Елбасы қазақстандықтарды ғана ғана емес, бүкіл әлемді алаңдатқан індетпен күресіп жатқанда бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, жұдырықтай жұмылуға үндеді. Кеше ғана "Бірлесе білген ел бәрін жеңеді" атты мақаласын жариялап, халықты сабырға шақырды. "Тәуелсіздіктің ең алғашқы күндері¬нен бастап мен ұлы Абай атамыз¬дың «Кімге достығың болса, дос¬тық дос¬тық шақырады» деген дана қағ謬да¬сын басшылыққа алып, әлемнің бар¬лық ме쬬лекетімен арадағы келісім мен дос-тық¬қа, өзара сенім мен ықпал¬дастыққа не¬гізделген саясат ұстандым. Еге-мен¬дік¬¬тің бастапқы жылдарында іргелес е묬дер¬¬дің бәрімен тату қарым-қаты¬нас ор¬нବтып, шекара мәселесін түбе¬гейлі шеш¬¬кен¬нен кейін түрлі деңгей¬дегі ынты¬¬¬мақ¬тастық ұйымдарын құруға бас¬тамашы болғанымның басты себебі де сол еді" деген қуатты сөздерінің өзі ел үшін туған ердің қай тұста болсын ең алдымен халықтың бейбіт өмірі үшін тілеулестігінің дәлелі деп білемін. Ол кісі мақаласында қазақ қашанда әлсізге демеу, мұқтажға қол ұшын созған текті ел екенін, дәл қазіргі елең-алаң уақытта да ауызбіршілікпен, табандылықпен қауіпті кеселге қарсы күресу қажеттігін айтты. Тәуелсіз еліміздің осы уақытқа дейін талай белестен, қиын кезеңдерден өткені, қажырлы, тектілігінің арқасында бүгінгідей жарқын, бейбіт күнге жеткеніміз баршаға аян. Қай уақытта да мемлекет тарапынан халыққа қолдау, көмек толастаған емес. Бүгінгі жағдайда да қазақстандықтарға барынша қолдау көрсетілуде. Бұған дейін ел Президенті мәлімдеме жасап, ел ішіндегі төтенше жағдайға байланысты жасалып жатқан жұмыстардың күшейтілетінін, халықтық қауіпсіздігі үшін бірқатар тиімді істер атқарылатынын жеткізді.
Бірлік болмаған жерде тірлік болмайтынын білеміз. Ең маңыздысы – ел басына күн туғанда шашырамай, жұлырықтай жұмылу, бір қолдың саласындай бірігу. Ертеңіміздің, отбасымыздың, балаларымыздың амандығы үшін төтенше жағдай талаптарын қатаң сақтап, денсаулығымызға аса мән беріп, аурудың барынша алдын алуға тиіспіз. Өйткені әрбір отбасы шағын мемлекет.

Қ.МҰСТАФАЕВА,
«Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары

09 сәуір 2020 ж. 385 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 763

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930