«Сырлы сөз» шығармашылықты шыңдайды
Қазіргі таңда баланың бос уақытын тиімді пайдалануға аса мән бермейміз. Өйткені үлкен де, кіші де заманауи технологиялар мен смартфон, телефондарға алаңсыз байланған заман болып тұр. Заманның талабы да шығар, бірақ балалар балалық кезеңін виртуалды әлеммен өткізуі алаңдатарлық жағдай. Күні-түні телефонға шұқшиған баланың ақыл-ойы да, жеке тұлғалық кеңістігі де дұрыс қалыптаспайды. Ойлау қабілеті нашарлап, логикасында шектеу пайда бола бастайды. Мұны әлем ғалымдары да зерттеулерінде айтып жүр.
Бірақ бұл бүгінгі ұрпақтың ертеңі үшін алаңдап, болашағын ойлаудан шет қалдық деген сөз емес. Мектеп қабырғасында білім алған әрбір оқушы күннің қалған бөлігін, яғни бос уақытын тиімді пайдалануына мүмкіндіктер бар. Аудан орталығы былай тұрсын, ауылдық жерлерде де коворкинг орталықтары ашылды. Ол орталықтарда жасөспірімдер кітап оқып, рухани азық жинап, басқа да тұлғалық дамуға жетелейтін игі істермен айналыса алады. Бұдан бөлек мектеп жанынан ашылған түрлі үйірмелер де жеке кеңістіктің бір щеңберде емес, жан-жақты дамуына да ықпалын тигізеді.
Ауданға қарасты Аққұм ауылында «Сырлы сөз» атты балалардың шығармашылығын дамытуға бағытталған үйірме жұмыс істейді. Оқушылардың сыныптан тыс уақытта шығармашылық ізденістерін, өзіндік қабілеттерін және қоғамдық қарым-қатынасын қалыптастырып, өзіндік талдау, жинақтау, жұмыста шапшаңдық таныту, өз ойын әдеби тілмен өрнектей білуге машықтандыруды мақсат еткен үйірменің жетекшісі – Даража Таңатарқызы.
– Жалпы бұл үйірменің берері көп. Мәселен, оқушылардың оқу-тәрбие үрдісінде алған білімдерін әрі қарай дамытуға мүмкіндік жасап, қабілеттерін шыңдау, көркем әдебиет жанрына байланысты өлең, шығарма жазуға дағдыларын қалыптастыру, сонымен қатар балалардың қоғамдық белсенділігін дамыту мен белгілі бір еңбек түріне баулу, оны дамытуға ықпал ету. Қазіргі таңда үйірмеде көптеген оқушы білім алуда. Үйірме қатысушыларының арасында үздік шығып, түрлі байқауларда лайықты баға алып жүргендері де бар. Мұндай зерек балалардың қатарындағы Нұрлы Қосым, Айару Сабыр, Нұрай Бақберген, Дамира Ержігіт, Аружан Абдулла, Аяулым Алпысбай, Нұртөре Қосымды айтуға болады, – дейді үйірме жетекшісі.
Бұл үйірме оқушылардың әдеби мұраларға деген талғамын таразылайды, рухани дүниесін кеңейтеді, ақыл-ойы мен ұлттық сана сезімін дамытуға ықпал жасап, ауызекі және жазба тілде байланыстырып сөйлеуін дамытады. Үйірмеге тілге шешен, шығармашылыққа жақын, өлең жазуға икемі бар оқушылар тартылған. Мұнда үйірмеге келушілер халық ауыз әдебиеті үлгілерін, оның ішінде аңыз-әңгімелер, өлең-жыр, шешендік сөздер, мысал, жұмбақ, жаңылтпаш, мақал-мәтелдерді меңгереді. Сонымен бірге балалар үйірме сағатында ұлтымыздың асыл мұраларын дәріптейтіндей, жеке тұлғаны дамытып, оқуға деген қызығушылықтарын оятып, адамгершілікке, ізгілікке тәрбиелеп, еркін дамуына бағыт-бағдар алады.
Айта кетейік, біраз уақыт бұрын Нұр-Сұлтан қаласында мәдениет және өнер саласы ұйымдары мен қызметкерлері арасында фестиваль өткен болатын. Республикалық деңгейдегі шараға 259 мәдени ошақ қатысқан. Оның ішінде 97 ауылдық клуб бақ сынаған еді. «Рухани қазына – 2020» атты фестивальда Аққұм ауылдық клубы жеңімпаз атанып, мәдениет үйі ұжымының бірнеше жылдық еңбегі бағаланды. Аққұм ауылдық клубының басшысы Гүлжайна Айтжанова мұның бәрін әріптестерінің еселі еңбегімен байланыстырып, халыққа үздік мәдени қызмет көрсетіп жүрген жандарға алғысын білдірген еді.
– Барлығы бірлікпен бітетін жұмыс. Қай жерде де ұжыммен бірге болу, бір мақсатта жұмыс істеудің маңызы зор. Біздің бұл жетістігіміз – тұтас ұжымның жетістігі, ауданымыздың мерейі. Саланың дамуына аз да болса үлесімізді қоссақ, бізге осының өзі үлкен серпін береді, – деген клуб басшысы ақ жаулықты әжелердің де жастардың тәліміне бей-жай қарамайтынын айтады.
Қазақы тәрбиемен ұштасқан қазынакеуде қариялар мен жастардың арасындағы ізгі әңгіменің өзі тәрбиелік негізге құралады. Айта кетейік, Жалағаштағы ауылдық клубтар ішінде жалғыз би үйірмесі Аққұмда ғана бар. Бір кездері арнайы ауыл клубтарының деңгейін көтеру мақсатында облыста бес ауылдық клуб би залымен жабдықталса, соның бірі осы Аққұм ауылы болатын.
Тіректі елді мекендегі ауылдық клуб тек аймаққа ғана емес, республикаға үлгі деп толық айта аламыз. Себебі мұндағы үйірмелер жұмысынан алар тағылым мол. Ал «Сырлы сөз» үйірмесінің шығармашылықты шыңдап, рухани әлемді байытатыны анық. Әсіресе табиғатынан шығармашылыққа жаны құмар, таланты тал бесіктен байқалған жас өрендер үшін таптырмас мүмкіндік алаңы деуге болады. Үйірме қатысушылары осында бос уақыттарын тиімді өткізумен қатар, өз бойларындағы ерекше таланттарына қанат бітіріп, тұлғалық дамуға және мәдени мұраларымыздың қайнар көзімен сусындайды.
Ерлан СОЗАҚБАЕВ