» » Қызылорда облысында 8 адам жол апатынан көз жұмды

Қызылорда облысында 8 адам жол апатынан көз жұмды

Қызылорда облысында жол апаты орын алып, 8 адам опат болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.


Полиция мәліметінше, оқиға 15 қаңтарда Шымкент-Самара тас жолының 1397 шақырымында Қызылорда облысының Арал ауданы Аралқұм елді мекенінің тұсында  орын алды. Қазіргі таңда жол апаты бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігімен (Автомобильдi басқаратын адамның жол жүрісі қағидаларын бұзып, абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соғу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде.

Жол апаты салдарынан 8 адам көз жұмды. Тиісті сот сараптамалары тағайындалды. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайлары анықталуда.

Өңірде ауа райының қолайсыздығына байланысты Қызылорда облысының комендатурасы жүргізушілерді  жылдамдық мөлшерін арттырмай, жолда жүру ережесін сақтауларын сұрайды. Қажетті ара қашықтықты ұстап, қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, жол ережесін қатаң түрде ұстану қажеттігін ескертеді.


16 қаңтар 2022 ж. 310 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 131

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930