Мен саған есірткі жайлы айтып беремін...

Нашақорлық! Осының себебінен қаншама адам жапа шегіп жатыр. Нашақорлық – тұңғиық түбі, адамды еліктіретін аждаһанның бір басы. Айдаһардың үш басындай арақ, темекі, наша – ауруға жол ашатын мүмкіндіктердің басты себептері. Нашақорлық дертіне шалдыққан адам онсыз өмір сүре алмайтындай күйге түседі екен. Өзінің денсаулығын, өмірін құртып қана қоймай, жақындарының, қоршаған адамдардың да өміріне қауіп туғызады. Абай атамыздың “үйрен де жирен” сөзін тура түсінетін адамдар қолдарынан келгенше батыстан, одан қалса шығыстан үйренуде. Ауру, нашақор, маскүнем жандар ешкімге де керек емесі аян. Сондықтан да, аз ғұмырды өзіңе де, өзгеге де пайдаң тиетіндей етіп өткізу керек. Әр азамат пен азаматшаның денінің сау болуы өзіне де байланысты. Олай болса, денсаулыққа зиян келтіретін нәрселерден, жаман әдеттерден аулақ болудың жолы – адам баласының өзін-өзі тәрбиелей білуі, адамдық қасиетін жоғалтпауы. Нашақорлық қасіреті туралы қаншама айтылып жүрсе де осыған құлақ аспайтын жандардың бар екені өкінішті!
Бексұлтан Баймырза,
Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы
Темірбек Жүргенов атындағы
№123 мектеп-лицейдің 8-сынып оқушысы