» » Мен саған есірткі жайлы айтып беремін

Мен саған есірткі жайлы айтып беремін

Есірткі – ол әлем дерті. Сонау көне заманнан бері қарай әлем дертіне айналғаны белгілі. Қазіргі таңда есірткінің зиянын біле тұра, оған қарсы шығуға дәрмені жетпейтін жастар көбейді. Тек жастар ғана емес, ересек кісілер де балаларына үлгі болудың орнына, өз ұрпағын улап жатыр. Есірткі ешқашан жақсылық әкелмейді. Оның адам денсаулығына тигізер зияны көп екенін тарқатып айтпаса да, белгілі. Жалпы, есірткі деп жансыздандыру ерекшелігіне ие болатын заттарды айтамыз. Өйткені, оның құрамында адамды мастандыратын, ашуландыратын, тыныштандыратын, сергітетін қосындылар бар. Ғалымдардың зерттеуінше нашақорлықтың құрығына көбіне жасөспірімдер түседі екен. Содан соң олар есірткі сатып алуға қажет үлкен көлемді қаражатты оңай жолмен, яғни, ұрлықпен табуды көздейді. Ал, «Ұрлық түбі – қорлық». Қай қоғамда да заңсыз ақша табуға ұмтылғандар түбінде жазасыз қалмайды. Сөйтіп, жасөспірімдер нашақорға айналып, есірткінің құлақкесті құлы болып шығады. Есірткіні қолданғаннан кейін бұзақылық жасау, қорлық көрсету тағы басқа жамандықтарға барады.

 Менің ойымша,есірткімен күресті ең алдымен мектеп қабырғасынан бастауымыз керек. Егер бала оның зияны мен азабы туралы хабардар болса, және оның шынымен де өте күрделі, қиын мәселе екендігіне көзін жеткізе білсек, сонда ғана балаларды сақтандыра аламыз. Есірткіге  берілмес үшін салауатты өмір салтын ұстану керек. Салауатты өмір сүру дегеніміз - тазалық сақтап, дене тәрбиесі және спортпен шұғылдану. Менің мектебімде есірткі жайлы және оның алдын алу жолдары туралы іс – шаралар өткізіліп тұрады. Өзімде ол іс – шараларға қатысып, тобымызбен жүлделі орындарға ие болдық. Өткізілген іс – шараның мақсаты – жасөспірімдерге есірткінің зияны және оның алдын алу жолдарымен күрес жөнінде болды. Есірткі туралы білмегендерімізді біліп, ой түйіп, өзімізден кейінгі іні – бауырларымызға айтып жүретіндей мәлімет ала білдік. 

Болашақта әлем осы ғасыр дертінен ажырап еліміз гүлденіп, жастардың дендері сау болып, үлкен Қазақстан мемлекетін көркейтетініне сенемін! Сонымен қатар, әр отбасы сыйластық пен бірлікте, өзара түсіністікте күн кешіп, әр ата-ана жұмысынан, қызметінен бала тәрбиесін жоғары қойса, болашағымыздың да жарқын болары сөзсіз. Сөз соңында достарыма егемен еліміздің болашағы біздер екенін айтқым келеді. Есірткіден бойымызды аулақ ұстап, салауатты өмір салтын ұстанайық!
               
   Қызылорда облысы
Жалағаш ауданы
Әл-Фараби атындағы
№201 мектеп-лицейінің
8-сынып оқушысы
 Берекет Бақытжан
22 қаңтар 2022 ж. 192 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 767

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930