ҚАУІПСІЗДІК БӘРІНЕН МАҢЫЗДЫ
Қазір таңда аудан халқы баллонмен сығымдалған пропан, бутан газдарын күнделікті тұрмыста ас әзірлеуге, үй жылытуға пайдаланады. Газды пайдалануда жіберген қателіктердің салдары адам өмірі мен денсаулығына, үйіңізге үлкен апаттар әкеледі. Бір адамның ұқыпсыздығынан, қауіпсіздік ережелерін сақтамауынан көрші тұратын бірнеше отбасы қайғылы жағдайға тап болып, зардап шегеді. Қарапайым ғана ережелерді есте ұстамаған жандар орны толмас өкінішке ұрынып жатады.

Сондықтан оқыс оқиғаларды болдырмау мақсатында Жалағаш кенті мен елді мекендерінде сұйылтылған газ нарығында газ таратушы газ толтыру станциялары бойынша халыққа қызмет көрсететін арнайы мамандандырылған рұқсаты бар газ тарату мекемелері қызметтерін пайдаланған жөн.
Газ пайдаланушы қондырғылар жарамсыз болған кезде арнайы газбен жабдықтау ұйымының қызметкерін шақырту қажет. Газ балонын пайдалану орындарында от жағуға, темекі шегуге, ақаулы электр жарық шамдарын және электр құралдарын қосуға болмайды.
Құрметті аудан тұрғындары, тұрмыстық газ баллондарын және қондырғыларын пайдаланғанда қауіпсіздік талаптарын мүлтіксіз сақтауды ұмытпаңыздар. Төтенше жағдай орын алған жағдайда 101, 112 телефон нөмірлеріне хабарлауды ескертеміз!
Сонымен қатар Жалағаш ауданының төтенше жағдайлар бөлімінде 31-2-07 сенім телефоны жұмыс жасайтынын ескертеміз.
Жалағаш ауданының төтенше жағдайлар бөлімі