» » ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ҚАМҚОРЛЫҚ ЕСЕЛЕНУІ ТИІС

ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ҚАМҚОРЛЫҚ ЕСЕЛЕНУІ ТИІС

Сәрсенбіде аудан әкімі Қайратбек Сәрсенбаевтың қатысуымен Жалағаш аудандық мәслихатының кезекті 22 сессиясы өтті. Жиынға Аудандық мәслихат депутаттары, кент, ауыл әкімдері, мекеме, бөлім басшылары қатысты. Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша «Жалағаш орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі» КММ-ның директоры Н.Жонтаев Жалағаш ауданы бойынша жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану жұмыстары туралы баяндады.
Мемлекеттік мекеменің орман қорының барлық жер аумағы – 769482 гектар. Орманмен қамтылған жерлер – 267619 гектар. Аталған аумақта күзету 20 орман күтушіге арнайы бекітіліп берілген. 2017 жылы мекеме қызметкерлері аудандық ішкі істер бөлімімен бірлесіп 49 рет рейд жүргізді. Нәтижесінде заңсыз сексеуіл бұтасын кескен 5 жағдай анықталды. Оның 5-еуі АІІБ-нің қызметкерлерінің хаттамасымен сотқа жолданып, табиғатқа келген залалдың 28300 теңгесі толығымен өндірілді. Заңсыз аң аулау тәртібін бұзушылардан 1 факті тіркелді. Мекеме қызметкерлері орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының қызметкерлерімен бірлесіп заңсыз балық аулаудың 5 дерегін анықтады. Заңсыз балық аулаушыларға 83300 теңге айыппұл салынып, табиғатқа келтірілген залал толығымен өндірілді.
Мекеме жыл сайын 800 га жерге қарасексеуіл тұқымын себу және 200 га жерге 72000 дана қарасексеуіл көшетін отырғызу жұмыстарын атқарады. Сонымен қатар, 1 га жерге қара сексеуіл тұқымынан тұқымбақ және 1 га мектеп бөлімшесіне 40000 дана тал, терек қаламшаларын егеді.
Сессияда депутат А.Қыпшақбаев елді мекен тұрғындарының отын алу мәселесін қозғады. Қазіргі кезде сексеуіл алуға мараторий жарияланғаны баршаға аян. Ал тұрғындар жыңғыл отынын алса, айыппұл салынады. Сондықтан отын алатын аймақ хабарланып, халықтың жиде, жыңғыл отынын алуына жағдай жасалу керек деген депутат соңғы кездері аудан орталығы мен елді мекендерде шибөрілердің көбейіп кеткенін жеткізді. Сондай-ақ, мемлекет тарапынан бөлінген қаржыны тиімді пайдаланып, қасқырлар мен шибөрілерді мезгілінде атып, жою жұмыстарын ұйымдастыру керектігін айтты.
Осы орайда Н.Жонтаев жуырда тендер өткізіліп, қазіргі кезде қасқырлар мен шибөрілерді ату жұмыстары басталғанын жеткізді.

Сессияда келесі мәселе бойынша Аламесек және Таң ауылдық округтері әкімдерінің мәслихат алдындағы есептері тыңдалды.
Ауыл әкімдерінің есептерінде айтылғанындай, округ тұрғындары негізінен егін және мал өсірумен айналысады. Ауыл халқына емхана, мектеп, «Қазпошта» филиалы қызмет көрсетеді. Екі ауылда да нәтижелі жұмыспен қамту және кәсіпкерлікті дамыту бағытында жұмыстар жүріп жатыр. Ауыл тұрғындары мемлекеттік бағдарламалар аясында шағын несие алып кәсіптерін ашып, жұмыстарын жалғастыруда. Сондай-ақ, «Құлан», «Алтын асық» бағдарламалары бойынша мал шаруашылығын дамыту бағытында да жұмыстар бар. Жаңа жобалар кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Таң ауылында күріш зауыты, жылыжай, мал сою пунктін ашу жоспарланып отыр. Сонымен бірге, «Таң ЛТД» ЖШС-ның демеушілігімен абаттандыру жұмыстары атқарылып, Таң ауылы аудандағы үлгілі ауылға айналып жатқанын айтуымыз керек.
Ал, Есет батыр ауылында кезегін күтіп тұрған мәселелер бар. Мәселен, бұқаралық спортты дамыту мақсатында ауылға спорт кешені керек. Сондай-ақ, ауылдағы ескірген 11 көшеге жөндеу жұмыстарын жүргізу күн тәртібінде тұр. Цифрлы технологияны қолдану арқылы интернет жұмысын жандандыру, инвесторлардың демеушілігімен ауыл халқына әлеуметтік көмек көрсету жұмыстарын ұйымдастыру мәселелері айтылды.
Сессияда “2018-2020 жылдарға арналған Жалағаш кентінің және ауылдық округтердің бюджеттері туралы” Жалағаш аудандық мәслихатының 2017 жылғы 26 желтоқсандағы №20-1 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы, “Қылмыстық жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын мекемелер мен органдардың қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі Жалағаш ауданы әкімдігінің жанындағы консультациялық-кеңесші органның дербес құрамын бекіту туралы” Жалағаш аудандық мәслихатының 2015 жылғы 22 шілдедегі №45-7 шешіміне өзгерістер енгізу туралы, Жалағаш ауданының әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының құрамын бекіту туралы, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі аудандық комиссия құрамын бекіту туралы, “Жалағаш аудандық мәслихат аппараты” мемлекеттік мекемесінің “Б” корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың Әдістемесін бекіту туралы мәселелер талқыланып, бекітілді.
Сессияда Жалағаш аудандық мәслихатының кезекті сессиясының төрағасы болып депутат А.Қыпшақбаев сайланды.
Сессия жұмысын қорытындылаған аудан әкімі Қ.Сәрсенбаев орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесінің алдында тұрған міндеттерге тоқталды. Соның ішінде орман-тоғайды қорғап, өсімін молайту, көпшілік арасында үгіт-түсінік жұмыстарын жүргізу, халыққа отын алу заңдылықтарын түсіндіріп, жағдай жасау, шибөрілер мен қасқырларды аулап, жою жұмыстарын жүргізу керектігін айтып өтті. Кент, ауыл округтеріндегі көгалдандыру, ауыз су, аяқсу келтіру бағытындағы жұмыстарды баян еткен өңір басшысы аудан тұрғындары тарапынан айтылған өзекті мәселелерді шешуге кент, ауыл әкімдерімен бірге депутаттар мен қоғамдық ұйымдарды бірлесіп атсалысуға шақырды. Сонымен қатар, ерте көктемде ақ егіске аттанған аудан еңбеккерлеріне береке-бірлік, толымды табыс тіледі.
Серік БЕРТАЕВ.

31 наурыз 2018 ж. 1 326 2

Гость Jeaplause от 27 ақпан 2019 23:21
Priligy Equivalent Length Of Levitra Patent levitra generic lowest prices Information On Amoxicillin

Гость Jeaplause от 16 наурыз 2019 03:47
Rezeptfreies Viagra Kaufen Viagra Vs Kamagra Provera Want To Buy cialis cheapest online prices Amoxicillin Infection Viagra 50

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 710

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031