» » ЖЕМҚРОРЛЫҚПЕН КҮРЕС – ЕЛ КЕЛЕШЕГІНІҢ КЕПІЛІ

ЖЕМҚРОРЛЫҚПЕН КҮРЕС – ЕЛ КЕЛЕШЕГІНІҢ КЕПІЛІ

Бүгінде еліміздегі ең өзекті мәселеге айналып отырған – сыбайлас жемқорлық. Біздің мемлекетімізде ғана емес, барлық елдерде кеңінен етек алып кеткен сыбайлас жемқорлықтың зардабы туралы бұған дейін айтып та, жазып та келеміз. Бірақ, оң нәтиже жоқ. Мен қоғамға аса қауіпті бұл теріс үрдістің басты себебі, адамның жеке бас мәдениетінің төмендігінде деп ойлаймын. Мемлекетке, еліне адал қызмет ету кез-келген азаматтың арына сын. Әрбір мемлекеттік қызметкерлер мен қатардағы жұмысшының лауазымы бөлек болғанымен, оның осы елдің азаматы ретінде Конституция арқылы бекітілген құқығы бірдей.

Сондықтан басшылық қызметтегі шенеунік пен көше сыпырушының ар-ожданы адалдық деген құнды қасиетке тәуелді болуы тиіс. Адалдық сақталған болмыста жауапкершілік пен қанағат жоғалмайды. Кез-келген азамат елінің алдындағы өзінің перзенттік парызын, азаматтық міндетін, жауапкершілігін сезінсе, жемқорлыққа жол бермейді деп ойлаймын. Бүгінде көз қысты, бармақ бастылықпен жең ұшынан жалғасып, сыбайласып, мемлекет қазынасынан халықтың қисапсыз қаржысын қымқыру азаймай отыр. Бұл теріс әрекеттер еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуын тежеп, нарықтық экономиканы құру, инвестициялар тарту процесін баяулатады. Тіпті тәуелсіздігімізге қатер төндіреді.
     
Сыбайлас жемқорлық – қылымыс және өте ауыр қылмыс. Сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар адам – өз еліне сатқындық жасаған адам. Қазірде мемлекет мүлкіне зиян келтіріп, лауазымды құзіреттерін асыра пайдаланып, мемлекет қаржысын өз пайдасына жаратқандар немесе мемлекет қаржысына қатысты заңсыздыққа жол бергендер және пара берген де, пара алған тұлға да заңмен қатаң жазаланады. Сол себепті әрбір мемлекеттік қызметкер Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңының күн өткен сайын күшейіп келе жатқанын естен шығармауы тиіс. Сонымен бірге бұл қоғам дертімен тек тиісті орындар ғана емес, қоғам болып күрес жүргізгенде ғана нәтиже шығады. Ол үшін халықтың құқықтық сауатын арттыру бағытында жүейлі түрде түсіндірме жұмыстарын жүргізуіміз керек.
                                                                                                                
                                                                                         Г.ҚАСЫМОВА,
                                                                                     Жалағаш аудандық Қазынашылық
                                                                        басқармасының бас маман-бас қазынашысы
11 наурыз 2022 ж. 703 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 710

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031