» » Қызылорда облысында бір литр сүтті 14,5 млн теңгеге бағалаған

Қызылорда облысында бір литр сүтті 14,5 млн теңгеге бағалаған

Қызылорда облысы Шиелі аудандық білім бөлімі мемлекеттік сатып алу сайтында лот жариялап, онда бір литр сүттің бағасын 14,5 млн деп көрсеткен.

Оны сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік қызметкерлері баға мониторингі кезінде анықтаған, деп хабарлайды ERNUR.KZ Астана арнасына сілтеме жасап. Сүттің құнын қолдан өсіргендерге ұсыныс жолданып, нәтижесінде сүт бағасы 223 теңгеге төмендетілген.

Қармақшы ауданындағы №275 мектеп қызметкерлері де 1 күртені 1,5 млн теңгеге бағалағаны белгілі болды. Олар 208 млн теңгеден астам қаржыға 125 күртеше алмақ болған. Тексерістен кейін күртенің бағасы 16 700 теңгеге түсірілген. Нәтижесінде 206 млн теңгеден аса қаржы үнемделді. Мониторинг қорытындысымен 80-нен аса мемлекеттік мекемелерге ұсыныс жолданып, 3,3 млрд теңге көлемінде мемлекет қаржысы үнемделуіне қол жеткізілді. 2022 жылдың 2 айында 17 мекемеге жолданған ұсыныстардың нәтижесінде жалпы соммасы 351 млн 230 мың теңге бюджет қаражаты үнемделді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Ғалия Әлімқұлова
25 наурыз 2022 ж. 284 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 027

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30