» » Кітаптар әлеміне саяхат

Кітаптар әлеміне саяхат

Аудандық кітапхананың жұмысы жылдан-жылға жанданып келеді. Қазірде осы бір рухани орталықтың қызметкерлері тек оқырман тартумен айналасып қана отырған жоқ. Сол оқырмандарға кітап оқытудың жолдары, түрлі тәсілдерін ұсынып жүр. Әсіресе балаларды кітап оқуға баулуға байланысты шаралар көп өтеді және мақсатты жобалар да бар.

Бұл бағытта олар кітапхананың тұрақты оқыр­мандары мен авторлардың арасында мықты байланыс орнатқан. Жергілікті қаламгерлермен, ұстаздармен және тиісті мамандармен кездесулер ұйымдастырып келеді. Нәтижесінде қазірде оқыр­­мандардың саны артқан, елімізге белгілі ав­тор­лардың жаңа шығармалары жинақталған кітап­тарына деген сұраныс көбейген.

Биылғы жылды Мемлекет басшысы "Балалар жылы" деп жариялады. Өткен аптада атаулы жылға орай өткізілген “Халықаралық балалар кітабы” апталығы қорытындыланды. Осы күні аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен оқу залында "Кітаптар әлемі" атты "Кітап сыйла" акциясы өтті.

Шараға Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын Қуат Адис, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, облыстық дін істер басқармасы аудандық бөлімшесінің меңгерушісі Арыстанбек Байғабылов және аудандық жастар ресурстық орталығының қызметкерлері қатысты. Рухани шараны кітапханашы Гүлжанат Жақсылыққызы жүргізіп отырды. Алдымен кітапхана директоры Ұлмекен Меңдібаева сөз алып, өткізіліп келе жатқан шаралардың ұрпақ тәрбиесіндегі және мәде­ниетті, зиялы қоғам қалыптастырудағы маңызына тоқталды.

Одан соң арнайы шақырылған қонақтар кіш­кентай оқырмандарға кітап оқудың пайдасы мен ғаламтордың зияны туралы кеңестерін айтып, олар­дың қойған сауалдарына жауап берді. Сондай-ақ балалар жергілікті ақындардың жырларын жатқа айтты.

Шара соңында кітапхана оқырмандарының демеу­шілігімен балаларға түрлі-түсті қағаздармен безендірілген ертегілер және танымдық кітаптар сыйға тартылды.

– Бүгінгі қоғамның алдында тұрған міндет – білімді ұрпақ тәрбиелеу. Сонымен бірге біздің мойнымыздағы жауапкершілік сол жас ұрпақтың бойына патриоттық рух сіңіріп, көркем әдебиетті оқыту және бұл бағытта тынымсыз еңбек етіп келеміз, – дейді Гүлжанат Жақсылыққызы.

"ЖЖ" ақпарат
09 сәуір 2022 ж. 318 0