» » Лауазымды тұлғалар танкіге ескі қозғалтқыш қою арқылы 1 млрд теңгені жымқырған

Лауазымды тұлғалар танкіге ескі қозғалтқыш қою арқылы 1 млрд теңгені жымқырған

«Семей машина жасау зауыты» АҚ лауазымды тұлғаларының 1 миллиард теңгеден астам қаражатты ұрлағаны анықталды, деп хабарлайды ҚР Қаржы мониторингі агенттігі Шығыс Қазақстан облысы бойынша аумақтық департаментінің баспасөз қызметі.

««Семей машина жасау зауыты» АҚ лауазымды тұлғаларының 1 миллиард теңгеден астам қаражат ұрлағаны анықталды. Ұрлық қосалқы бөлшектер құнын асыра бағалау және еліміздің әртүрлі әскери бөлімдерін бұрын пайдаланылған танк қозғалтқыштарымен, сондай-ақ танк шлемофондарымен қамтамасыз ету арқылы жасалған.

Тергеу барысында зауыт директорының бірінші орынбасары Сүлейменов Қ.Р. танкілерге арналған жаңа қозғалтқыштардың орнына 1985-2012 жылдары шығарылған қозғалтқыштарды жеткізуді ұйымдастырғаны анықталды» делінген хабарламада. Семей қаласы сотының үкімімен Қ.Сүлейменов айыпты деп танылып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

19 мамыр 2022 ж. 397 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 023

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30