» » ЖЕРДІҢ ЖӘНЕ ТАБИҒИ РЕСУРСТАРДЫҢ ИЕСІ ХАЛЫҚ

ЖЕРДІҢ ЖӘНЕ ТАБИҒИ РЕСУРСТАРДЫҢ ИЕСІ ХАЛЫҚ


Жердің және табиғи ресурстардың иесі халық деген норманы Конституцияда біржола бекітудің саяси мәні зор болмақ және болашақта бұл мәселені әртүрлі түсіндіруге жол берілмеуі керек. Осыған байланысты, Негізгі заңның 6-бабын мынадай редакцияда беру ұсынылады: «Жер және оның қойнауы, су, өсімдіктер және жануарлар әлемі, басқа да табиғи ресурстар халыққа тиесілі.

Мемлекеттік модельді кешенді түрде өзгертуге мүмкіндік беретін Конституциялық референдум – Әділетті Қазақстан ұстанымының бастамасы деуге де негіз бар. Ол биліктің өкілді тармағын Парламент пен мәслихат айтарлықтай күшейтеді. Жаңартылған Заң аясында Президенттің барлық саяси күштер мен партиялардан дербестігін бекітуі – елдегі саяси партиялардың тең дәрежеде бәсекеге түсіп, демократиялық үдерісті үдете түсетіні сөзсіз.

Бүгін «AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалы жанындағы қоғамдық штаб мүшелері Жалағаш кентіндегі «Өркен Әлем» ЖШС қызметкерлерімен кездесті. Келелі кездесуге партия филиалының штаб төрағасы Мұстафаева Қаншагүл, штаб мүшелері Уздембаев Жақсылық, Кенжебаев Ахан және Амандық Нұржан қатысып, референдумның маңыздылығы туралы айтты.

Конституцияның бабтарына енгізетін өзгерістер мен толықтыру шеңберінде қызметкерлер тарапынан сұрақтар қойылып, тиісті түсінідірме жұмыстары жүргізілді. Арнайы киім тігетін тігіншілер қауымы референдумның еліміз маңыздылығы орасан зор екенін айтып, бірауыздан қолдайтындықтарын жеткізді.

#AMANATPartyasi
#ReferendumAMANAT

25 мамыр 2022 ж. 429 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 781

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031