» » ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСУ

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСУ

Еліміз үшін маңызды саяси қадам – еліміздің Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі республикалық референдумға санаулы күндер қалды. Мемлекет басшысының бастамасымен өткелі тұрған референдум еліміздің одан әрі дамуын айқындай түспек. Бүгін референдумның маңыздылығын талқылау бойынша Жалағаш ауданындағы денсаулық сақтау саласының өкілдерімен кездесу болып өтті. Келелі кездесуге партияның аумақтық филиалы жанындағы қоғамдық штаб төрағасы Мұстафаева Қаншагүл, штаб мүшелері Уздембаев Жақсылық, Кенжебаев Ахан және Амандық Нұржан қатысты.

Еліміздің Ата заңына енетін өзгерістер мен толықтырулар бір мақсатты көздейді. Бұл арнайы жеке мүддеге қатысты емес, тұтас қоғам игілігі үшін жасалып жатқан батыл қадамдар. Халық ел басқаруға қатысатын болады. Азаматтардың құқығы Конституциялық сот арқылы қорғалады. Республикалық референдум маңызын бұқараға түсіндіру, оның мағынасына мән беру, ел болашағы алдындағы өзгерістерге кері әсерін тигізерін ел санасына жеткізу, көзі ашық, көкірегі ояу кез келген қоғам мүшесінің борышы. Сондықтанда баршаңызды ағымдағы жылдың 5 маусым күні болатын референдумды қолдауға, бір ауыздан шақырамын – деді штаб төрағасы Мұстафаева Қаншагүл.

«AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалы жанындағы қоғамдық штаб мүшелері денсаулық саласы өкілдеріне Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының Жаңа Қазақстанды құру жолындағы бастамасына өз үлестерін қосуға шақырды. Сала мамандары елдегі өзгерісті бірауыздан қолдайтындықтарын және әрбір тұрғын референдумға дауыс беру арқылы өз болашақтарын айқындайтындықтарын жеткізді.

#ReferendumAMANAT

25 мамыр 2022 ж. 434 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 737

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930