АШЫҚ ҚОҒАМДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРАТЫН - ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ
«AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалы жанынан құрылған қоғамдық штаб мүшелері Мәдениет ауылында кездесу өткізді. Ауыл тұрғындарымен кездесуге қоғамдық штаб төрағасы, партияның аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Қаншагүл Мұстафаева, штаб мүшесі Нұржанов Болат, Бекмолдаева Гүлнар және Амандық Нұржан ел Конституциясына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар жайында айтқан аманаттықтар реформаның басымдық сипаттары жайлы да баяндап өтті.
Құқық қорғау саласы бойынша маңызды өзгерістер енгізіледі. Конституциялық сот құрылады. Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің мәртебесі Ата заңмен айқындалады. Елімізде өлім жазасы мүлде жойылады. Мұның бәрі азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау үшін жасалып жатыр. Сонымен қатар "жердің және табиғи ресурстардың иесі - халық" деген норманы Конституцияда біржола бекітудің саяси мәні зор болмақ және болашақта бұл мәселені әртүрлі түсіндіруге жол бермеу үшін осындай тарихи өзгеріс жасауға әр қазақстандықтың қатысуы маңызды, ол үшін халықтың қолдауы қажет екендігін айта келе ауыл тұрғындарын 5 маусымда дауыс беріп, осы тарихи бетбұрысты жасауға өз үлестеріңізді қосуға шақырамын – деді аумақтық штаб төрағасы Қаншагүл Мұстафаева.
Жалпыұлттық референдум - еліміздің болашағын айқындайтын қадам. Жолдауда жарияланған реформалар халықтың таңдауы арқылы құқықтық тұрғыда беки түседі. Жұрт өз таңдауы арқылы еліміздің саяси дамуының жаңа кезеңіне қадам жасайды. Баршаңызды тарихи күннің куәсі болуға және қолдауға шақырамын – деді штаб мүшесі Нұржанов Болат.