Референдумның маңыздылығы бойынша кездесу өтті

Келелі кездесу барысында ҚР Парламенті Сенатының депутаттары референдум туралы оның ішінде Конституцияға енгізілетін өзгерістер және күтілетін нәтижелері туралы айтып өтті.
Сенат депутаттары атап өткендей, қазіргі референдумда тәуелсіз Қазақстанда алғаш рет дәл осы конституциялық түзетулер қабылданатын болады. Ағымдағы жылдың 5 маусым күні болатын референдумда әрбір азамат алдағы саяси өзгерістерге өзінің қатыстылығын сезінуі тиіс -деді Сенат депутаттары.
Жалпыхалықтық референдумның маңыздылығы аясында болған кездесуге партияның аймақтық филиалы жанындағы қоғамдық штаб төрағасы Төрешова Ләйлә партияның аумақтық филиалы жанындағы штаб төрағасы Мұстафаева Қаншагүл, штаб мүшелері Нұрмағанбетов Қабылбек, Шағыртаев Имамзада, Ахметжамиев Асхат қатысты.