» » Аққұм ауылының тұрғындары референдумды қолдайды

Аққұм ауылының тұрғындары референдумды қолдайды

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Мұрат Бақтиярұлы және Әлназарова Ақмарал Шәріпбайқызының референдумның маңыздылығы бойынша кездесуі Аққұм ауылында жалғасты.

Сенат депутаттары халықпен кездесу барысында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен еліміздің Конституциясына енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларға кеңінен толталды. Ата заңның 33 бабына өзгерістер енгізілетін болады. Басты мақсат - саяси бәсекелестік үшін жағдай жасау, жеке тұлғаның емес халық мүддесіне жұмыс жасау, халықтың елді басқаруына жағдай жасау, халықтың конституциялық құқықтарын қорғау тетіктерін күшейту.

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарымен халықпен кездесуге партияның аймақтық филиалы жанындағы қоғамдық штаб төрағасы Төрешова Ләйлә, аумақтық штаб төрағасы Мұстафаева Қаншагүл, штаб мүшелері Имамзада Шағыртаев, Ахметжамиев Асхат қатысты.
23 мамыр 2022 ж. 397 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 144

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930