» » ХАЛЫҚ ҚАЛАУЛЫСЫ АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН ЖҮЗДЕСТІ

ХАЛЫҚ ҚАЛАУЛЫСЫ АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН ЖҮЗДЕСТІ

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары, «AMANAT» партиясы республикалық штабының мүшесі Кесебаева Балайым Жалағаш ауданы, Қаракеткен ауылдық округіне қарасты Далдабай елді мекенінде ауыл жұртшылығымен кездесті.
Кездесуде 5 маусымда өтетін бүкілхалықтық референдум жайында айтып, ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынып отырған қоғамды жаңғырту бағыты еліміздің саяси жүйесінде үлкен тарихи өзгерістер алып келетінін жеткізді. Ауыл тұрғындары референдумның өзгерістеріне өз ұсыныстарын айтып, қолдайтындарын білдірді. Кездесуге сонымен бірге Қызылорда облыстық мәслихат хатшысы Байқадамов Наурызбай, «AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалы жанынан құрылған қоғамдық штаб төрағасы Мұстафаева Қаншагүл, штаб мүшелері Үздембаев Жақсылық, Тәжібаева Ұлжахан, Базарбай Еркін және БАҚ өкілдері қатысты.

#ReferendumAMANAT
27 мамыр 2022 ж. 604 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 425

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031