» » КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ РЕФОРМА – ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ДАМУ КЕПІЛІ

КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ РЕФОРМА – ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ДАМУ КЕПІЛІ

Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары, «AMANAT» партиясы республикалық штабының мүшесі Кесебаева Балайым референдумның маңыздылығы бойынша М.Шәменов ауылының тұрғындарымен кездесті.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ұсынған референдумның мақсаты – саяси, құқықтық жүйемізді жетілдіру арқылы Әділетті Қазақстан, әділетті қоғам құру. Конституциялық реформа жаңа кезеңнің бастауы болмақ. Ата заңдағы 98 баптың 33-і өзгертілмек. Яғни, Конституцияның 3/1 бөлігіне өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.

Депутаттарды сайлауда аралас мажоритарлы-пропорционалды моделі енгізіледі. Бұл мәслихаттардың рөлі артады деген сөз. Аудандық және қалалық деңгейдегі мәслихат депутаттарының мажоритарлық жүйесінің толықтай енгізілуі өңірлердің тыныс-тіршілігіне азаматтардың ықпал ету мүмкіндігін арттыруға жол ашады.

Аталған реформалар – еліміздің болашағы мен мақсатын айқындай түспек. Мемлекет басшысы мен халықтың мақсаты мен көздегені ортақ. Сондықтанда референдумға қатысу оны қолдау барлығымыздың азаматтық борышымыз. Баршаңызды ағымдағы жылдың 5 маусым күні болатын референдумға дауыс беруге шақырамын. Еліміздің болашағы Сіздердің қолыңызда. Біз біріксек ғана бар қиындықты еңсереміз – деді республикалық штабының мүшесі Кесебаева Балайым.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары, «AMANAT» партиясы республикалық штабының мүшесі Кесебаева Балайым Туғанбайқызымен кездесуге білім, мәдениет, ардагерлер және қауымдастық мүшелері қатысты.

М.Шәменов ауылдық округі тұрғындарымен кездесуге Қызылорда облыстық мәслихат хатшысы Байқадамов Наурызбай, «AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалы жанынан құрылған қоғамдық штаб төрағасы Мұстафаева Қаншагүл, штаб мүшелері Үздембаев Жақсылық, Тәжібаева Ұлжахан, Базарбай Еркін, Жалағаш аудандық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі Серәлі Нарбота және БАҚ өкілдері қатысты.


27 мамыр 2022 ж. 959 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 759

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930