» » ЕГІНШІЛЕР ҚАУЫМЫ РЕФЕРЕНДУМДЫ ҚОЛДАЙДЫ

ЕГІНШІЛЕР ҚАУЫМЫ РЕФЕРЕНДУМДЫ ҚОЛДАЙДЫ

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары, «AMANAT» партиясы республикалық штабының мүшесі Кесебаева Балайым референдумның маңыздылығы бойынша кездесуі М.Шәменов ауылындағы «Мего Агро» ЖШС жұмысшыларымен кездесті.

Референдум - қоғам арасында қызу талқылануда. Халық жалпыхалықтық референдумға деген оң көзқарастарын білдіруде. Конституцияны бүкілхалықтық дауыс беру арқылы өзгерту - халықтың еркін білдіруінің айқын көрінісі.
Соңғы Жолдауда Президент тың саяси реформаларды жариялап, билік институттары арасындағы конституциялық құрылымды жетілдіруге мүдделі екенін танытты. Мәжілісті қалыптастырудың аралас моделі енеді, Парламенттің бақылау функциялары кеңейеді, заңнамалық рәсімдер оңтайланады. Яғни, азаматтардың мүддесін қорғау механизмі күшейеді.

Жаңа Қазақстанды құрудағы қадам - үлкен жауапкершілікті талап ететін дүние. Сол себепті барлық Отандастарды игі істе өз үлесін қосуға шақырамын! Жаңа Қазақстанға бірге аяқ басып, өзгерістерді бірге енгізейік – деді Кесебаева Балайым.

Келелі кездесуге Қызылорда облыстық мәслихат хатшысы Байқадамов Наурызбай, «AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалы жанынан құрылған қоғамдық штаб төрағасы Мұстафаева Қаншагүл, штаб мүшелері Үздембаев Жақсылық, Тәжібаева Ұлжахан, Базарбай Еркін, Жалағаш аудандық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі Серәлі Нарбота және БАҚ өкілдері қатысты.


27 мамыр 2022 ж. 1 195 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 783

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031