» » Мейірбике сау адам мен шылым шегетін адамның өкпесін салыстырып көрсетті (видео)

Мейірбике сау адам мен шылым шегетін адамның өкпесін салыстырып көрсетті (видео)


Мейірбике 20 жылдан бері шылым шегетін және дені сау адамның өкпесін салыстырып, арнайы зерттеу жүргізді. Ол екі адамның өкпесін видеоға түсіріп, желіде жариялаған.

Бұл туралы The Daily Mail басылымына сілтеме жасап Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Мейірбике Аманда Эллер АҚШ-тың Солтүстік Каролина аймағында тұрады. Ақ халатты жан темекі шегу арқылы денсаулыққа қандай зиян келетінін көрсету үшін бейнежазба түсірген.
Темекі түтінінен қарайып әрі тыржиып кеткен өкпеге қараудың өзі қорқынышты. Ал шылымға жоламайтын адамның өкпесі ашық қызыл түсті. Бұған қараған адамның өзі-ақ шылымнан аулақ жүретіні сөзсіз.
Мейірбике органның тек сыртқы түрін емес, ішкі қызметіндегі айырмашылығын көрсетуге тырысқан. Ол үшін Аманда арнайы аппараттың көмегімен тыныс алу органын үрлеп, оның жұмысын көрсеткен. Темекі шекпейтін адамның өкпесі жеңіл әрі қозғалуы оңай. Сондай-ақ, шылымға құмар адамның өкпесі оттекті өте аз мөлшерде сыйдырып, сақтап, сіңіре алады екен.





http://stan.kz
18 мамыр 2018 ж. 1 204 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 074

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031