» » ҚЫЗМЕТІНЕ АДАЛ МАМАН

ҚЫЗМЕТІНЕ АДАЛ МАМАН

Жоғары кәсіби мемлекеттік қызметті және тиімді басқару құрылымын құру ісінде міндеттерді іске асыру көбіне мемлекеттік қызметшінің кәсібилігіне байланысты. Сонымен қатар, маңызды функционалдық және мәртебелік маңызы бар мемлекеттік қызметтің сапасы халықтың мемлекеттік аппаратқа сенімінің көрсеткіші. Осы абыройлы қызметте жүрген лауазым иелеріне артылар жүк ауыр.
Бүгінгі таңда аудан көлемінде 150-ге жуық мемлекеттік қызметші қызмет етеді. Олардың әрқайсысының мемлекет тарапынан жүктелген функционалдық міндеттері, ұстанатын қағидалары, мансаптық бағыттары бар. Өңірде сан салада ел үшін абыройлы міндет атқарып жүрген мамандар да жетерлік. Аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің сектор меңгерушісі Нұргүл Бекетова ісіне адал, тәжірибелі, білікті қызметкер. Ол 1978 жылы Жалағаш кентінде дүниеге келіп, 1995 жылы Қызылорда агроөнеркәсіп өндірісі инженерлері институтын, 1999 жылы Қызылорда мемлекеттік университетін «Бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығы бойынша толық курсты бітірген. Оқуын енді ғана аяқтаған жас маман еңбек жолын 2000 жылы аудандық жұмыспен қамту орталығында аға маман қызметінен бастайды. Н.Орынбайқызы жұмысына деген жауапкершілігінің, жан-жақтылығының, біліктілігінің арқасында 2003-2010 жылдары аралығында аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінде жетекші маман, 2010-2014 жылдары бас маман қызметін атқарады. 2014 жылдан бастап әлеуметтік төлемдер секторында сектор меңгеруші болып қызмет жасап келеді.
– Біздің жұмыс кестеміз тығыз. Мәселен, «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау», «Тұрғын үй көмегін тағайындау», «Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алу бойынша әлеуметтік көмек тағайындау», «Семей ядролық полигонында ядролық сынақтардан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, бір жолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәлік беру», «Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекеленген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау» сияқты мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес жұмыс жасаймыз. Дегенмен, мен осынша өмір жолымды мемлекеттік қызметке арнап, халық үшін жұмыс жасап жүргеніме қуанамын. Өз қызметімді әлі күнге дейін аса жауаптылықпен, ерекше ынтамен атқаруға тырысамын. Халыққа қызмет ету біздің ең басты міндетіміз болғандықтан, этикалық ережелерді басшылыққа ала отырып, біліктілігімізді әрдайым жетілдіріп отырамыз. Мемлекеттік қызметте адал, мейлінше қарапайым әрі әділ болу – менің басты қағидам, – дейді Н.Орынбайқызы.
Мемлекеттік қызметте жүргеніне 17 жылдан асқан Н.Бекетова уақытпен санаспай сапалы қызмет жасауға бар күшін салады. Осыншама жауапкершілікті мойнына жүктеген маман отбасылық өмірде аяулы жар, ардақты ана. Жолдасымен бірге екі ұл, екі қызды тәрбиелеп отыр. Ел үшін еңбек ететін адал қызметшінің қызметіне абырой, отбасына береке тілейміз.
Н.АЛМАС,
М.АХМЕТОВ (сурет).

23 маусым 2018 ж. 880 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930