ҚОҒАМДЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҚ БАСТЫ НАЗАРДА
Өткен аптада аудан әкімдігінде облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы ақпараттық-насихаттық топ мүшелері аудан активімен және бірқатар өзге ұлт өкілдерімен кездесті.
Жиынды жүргізген аудан әкімінің орынбасары Ж.Тажмаханов елдегі қоғамдық тұрақтылықты, ұлтаралық келісімді қалыптастыру мақсатында жүзеге асырып жатқан Елбасының игі бастамаларын атап өтті.
–Ел Президентінің көреген саясатымен құрылған Қазақстан халқы ассамблеясы жұмысының нәтижесінде елімізде этносаралық және конфессияаралық келісімнің бірегей моделі қалыптасты. Қаймағы бұзылмаған қалың қазақ ордасы – Сыр елінде де қаншама ұлт пен ұлыс өкілдері бір атаның баласындай тату-тәтті ғұмыр кешуде. Бұл – жұртымыздың айнымас достығының үзілмес дәнекері.
Аудан көлемінде тұратын этнос өкілдерінің ұлттық салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын қолдау мақсатында этнобағыттағы «Жалағаш – достық мекені» қоғамдық бірлестігі құрылып, үш жылдан бері белсенді жұмыс жасап келеді. Дәстүрлі түрде түрлі этнос өкілдері арасында өнер фестивалдері, «Мың бала» мәдени-ағартушылық жобасының аудандық кезеңдері, сондай-ақ биылғы жылы Астананың 20 жылдығына, Қызылорда қаласының 200 жылдығына орай түрлі этнос өкілдері оқушыларының арасында Қызылорда қаласына экскурсия ұйымдастырылды.
Бұдан бөлек, қоғамдық келісім кеңесінің мүшелері, аудандық аналар кеңесімен, кәсіби емес медиаторлармен бірлесіп, даулы мәселелер шыққан жағдайда екіжақты өзара келісімге келтіріп, мәселенің оң шешімін табуына атсалысып келеді, – деді аудан әкімінің орынбасары Жағыпар Айтбайұлы.
Сонымен қатар, жиында облыстық «Қоғамдық келісім» КММ-нің директоры Уәлихан Ибраев, облыстық «Қазақстан кәрістер қауымдастығы» қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары Юрий Ким, облыстық ҚХА жанындағы ғылыми-сарапшылық топ мүшесі Мәдина Жүсіпбековалар облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының қызметі және алдағы жоспарлары мен басым бағыттарын атап өтсе, аудандық қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Садық Әлиев, аудандық кәсіби емес медиатор Жанғабыл Ибраев және аудандық аналар кеңесінің төрайымы Роза Көшекбайқызы ел ішіндегі бірлік пен берекенің орнауына, ұлтаралық татулықтың қалыптасуы жолында атқарылып жатқан игі істерге тоқталды. Сондай-ақ, олар елде тыныштық пен бірлік болса, алдағы уақытта да аудан экономикасының қарқынды дамуына батыл қадамдар жасалатынына сенім білдірді. Мұнан бөлек, жиынға қатысқан Шиелі аудандық аналар кеңесінің төрайымы Найла Палымбет аудандағы аналар кеңесінің тыңғылықты жұмысымен танысып, өңірдегі жүзеге асып жатқан жарқын бастамалардан хабардар болды.
Мәжіліс соңында аудандық аналар кеңесінің белсенді мүшесі, Жалағаш кенті әкімдігі аппаратының үйде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшесінің меңгерушісі Жанар Дүйсенбай, Аққұм ауылының тұрғыны, аудандық ассамблея мүшесі Целицает Бецеев, аудандық кәсіби емес медиатор Жанғабыл Ибраевтар облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының «Алғыс хатымен» марапатталды.
Облыстық «Қазақстан халқы ассамблея» жанындағы аналар кеңесінің алқалы жиыны «Мәдениет және өнерді дамыту орталығында» жалғасты. Онда нәзікжандылар ұсыныс-пікірлерін ортаға салып, өздерін толғандырған сауалдарға жауап алды.
Басқосуға облыстық аналар кеңесінің төрайымы Раиса Смаханова, облыстық «Қоғамдық келісім» КММ-нің сарапшысы Салтанат Ахметова, аудандық аналар кеңесінің төрайымы Роза Ерәлі, Шиелі аудандық аналар кеңесінің төрайымы Найла Палымбет, сондай-ақ, кент және барлық ауылдық округтердегі аналар кеңесінің төрайымдары мен кеңес мүшелері қатысты.
– Ауданымызда 2017 жылдан бастап қыз баланың тәрбиесі, неке мәртебесін көтеруге, ұлттық құндылықтарды насихаттау мақсатында кент орталықтарындағы барлық мектептің жоғары сынып оқушыларымен оның ішінде қыз балалармен кездесулер өткізіліп келеді. 2018 жылдан бастап аналар кеңесі құрылды. Қазіргі таңда Жалағаш кентімен ғана шектелмей, Мырзабай ахун, Мәдениет, Ақсу, Қаракеткен, Шәменов ауылдық округтерінде де аналар кеңесі құрылып, тыңғылықты жұмыс жасауда. Аталған ауылдық округтердегі және ауыл тұрғындарымен кездесу өткіздік. Сонымен қатар, аналарымыз бен қыз-келіншектер ауданда болып жатқан барлық іс-шараларға қатысып, белсенділіктерін танытуда, – деді жиынды ашқан Р.Ерәлі.
Мұнан соң, кеңес мүшелері ойларын ортаға салып, кеңес жұмысын одан әрі жетілдіру бағытындағы ұсыныс-пікірлерін жеткізді. Алыс-жақыннан келген меймандар ашылғанына көп уақыт өтпесе де, көптеген көңіл қуантарлық жұмыстарды өз деңгейінде атқарып жүрген кеңес жұмысына оң баға беріп, алдағы жоспарларымен бөлісті.
Жиын барысында аудандық аналар кеңесінің мүшесі, белгілі ақындар Қалжан Өтегенқызы, Айкүміс Орынбаева аналарға арнап өлең оқыса, аудандық әуез мектебінің өнерпаздары түрлі аспаптарда ойнап, аналардың қошеметіне бөленді.
Облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы ақпараттық-насихаттық тобының Жалағаш ауданы активімен кездесуінен соң, біруақытта кешенді іс-шаралар өтті. Қоғамдық келісім және Аналар кеңесімен кездесу, «Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасы аясында жазғыт ынығу лагерінде спорттық ойындардан жарыс, өңірдегі этносаралық қатынастарға байланысты фокус топ өтті.

Н.АЛМАС,
Н.ҚАЗБЕКОВ,
М.АХМЕТОВ (сурет).