ТҮЛЕКТЕР ТҮЛЕП ҰШҚАН КҮН
Ауданымыздағы Жалағаш индустриалды-аграрлық колледжі өңірдегі мақтаулы білім ошақтарының бірі. Жуырда білім беруде өзіндік орны бар оқу орны 191 шәкіртіне диплом табыстады.
Шараға арнайы шақырылған меймандар мен колледж оқытушылары, ата-аналар және студенттер қатысты. Салтанатты рәсімді ашқан колледж директоры Ғ.Серікбаев түлектерді құттықтап, диплом иелерін ел дамуы жолында еңбек етуге шақырды.
– Міне, тағы бір оқу жылы аяқталып, колледж бітірушілері білім нәрімен сусындатқан оқу орнымен қоштасқалы тұр. Бұлардың басым көпшілігі қазіргі таңда сұранысқа ие мамандықтардың қатарын толықтырады. Демек, бұл түлектердің қалаған жұмысына орналасуына мол мүмкіндік бар, – деді ол. Сондай-ақ, салтанатты жиын барысында аудандық мәслихат депутаты, «Жастар ресурстық орталығы» КММ директоры Е.Бақбергенұлы да түлектерге ағалық лебізін білдіріп, сәттілік тіледі.
Айта кетейік, биылғы оқу жылында «Фермер шаруашылығы» мамандығы, «Ауыл шаруашылық өндірісіндегі тракторшы-машинисі» біліктілігі бойынша 22 студент, «Дәнекерлеу ісі» мамандығы, «Электрогазбен дәнекерлеуші» біліктілігі бойынша 25 студент, «Фермер шаруашылығы», «Электр жабдықтарға қызмет көрсетуші электромонтёр» біліктілігі бойынша 22 студент, «Үйлер мен ғимараттарды салу және пайдалану» мамандығы, «Тас қалаушы» біліктілігі бойынша 22 студент және «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығы, «Аспаз» біліктілігі бойынша 24 студент бітіріп шықты.
Сонымен бірге, «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы аясында «Жеміс-көкөніс өсіруші», «Ауыл шаруашылығы тракторшы-машинисі» мамандықтары бойынша 45 студент колледж қабырғасынан түлеп ұшты.

Н.АЛПЫСБАЙҰЛЫ.