Шымкенттік жетім бала бизнесін ашып, екі пәтер алған
Шымкентте өскен бала ата-анасынан ер айырылғанымен мойыған жоқ. Тіршілігін істеп, кәсібі арқылы қомақты ақша тапқан.
Бұл туралы ernur.kz порталына шымкенттік журналист Қарашаш айтып берді.
«Мен 6 жасымда ата-анамнан айырылған соң мемлекет мені қамқорлығына алды. 18 жасқа дейін баспанамен қамтыды. Енді мен де мемлекетке қызмет еткім келеді. Халыққа пайдамды тигізсем деймін», – дейді жас жігіт кәсіпкерлер арасындағы бизнес-тренингте.
«Кітапты жалға беру қызықты жұмыс болып көрінді. Досым туға күніме Дейл Канегидің кітабын сыйлады. Бағасы 3500 теңге тұратынын, бірақ 1950 теңгеге дейін арзандатып алғанын айтты. Сатушы 1500 теңге пайда көрген. Мұның жақсы бизнес екенін түсіндім. Кітап сату және жалға беру туралы ойлана бастадым. Қазір қорымда кітап көп. Бір кітаптың бағасына бірнеше кітапты оқи аласыз», – дейді ол.
«Бұрыннан пайдалы іспен айналыссам деп ойлайтынмын. Арақ сатсам, көпшілікке зияным тиетін еді», – дейді жас кәсіпкер.
«Мен 12 жасымнан Шымкенттегі қырғыз базарында жұмыс істедім. Әпкем тұрмысқа шыққанда, жездем бізді қарайлауға уәе берген. Содан бастап мен саудаға үйретті. Екі жылда келіссөздер жүргізіп, дайын маман болдым.
Бір күнде 100 мың теңге тапқан күндер болды. 9-сынып оқып жүргенімде жездем мотоцикл сыйлады. 11-сынып оқып жүргенімде оқуға түсуге дайындал деді», – дейді Сейітбек.
Ол күні-түні дайындалып, қазір медициналық университеттің студенті атанған.
Жас жігіт болашақта жетекшілік жұмыс атқарғысы келетінін, тіпті депутат болғысы келетінін айтты.
«Бұрын досым екеуміз бір малды 145 мың теңгеге алып, 185 мың теңгеге сатқанбыз. Ал, мерекелерде ойыншық сататынмын. Балық қуырып сатқан күндерім де болды», – дейді Сейітбек.
Сейітбектің ата-анасы жол апатынан көз жұмған. Әкесі полиция қызметкері болған.
«Әкем «сен полицейдің баласысың, мықты болуың керек» деп үйрететін. Мені мал базарына алып баратын. Ешнәрсе сатып алмаса да, қарап тұратынбыз. Мен де жануарларды жақсы көрем. Бөлмемде жылқының суреттері ілініп тұр», – дейді Сейтбек.
Сейітбек болашақта кітап желісін ашқысы келеді. Осы уақытқа дейін екі пәтер алып, екі әпкесіне берген.
Stan.kz