» » Қаскелең перзентханасы жаңа туған сәбилерді сатып келген

Қаскелең перзентханасы жаңа туған сәбилерді сатып келген



Қаскелең перзентханасының қызметкерлері жаңа туған сәбилерді сатып келген. Бұл туралы Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметінің басшысы Сергей Незнаев хабарлады.

ІІД Ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының және Қарасай ауданы полициясының қызметкерлері жүргізген арнайы операция нәтижесінде, жаңа туған нәрестелерді сатуды ұйымдастырып жүрген топ құрықталыпты.

Қасымов басқаратын министрлік бұл іске қатысты тергеу құпия түрде жүргізіліп жатқандықтан өзге ақпаратты жарияламайтындығын ескертті. Бірақ, күдікті ретінде бірнеше медицина қызметкердің аты-жөндері аталған.

Сонда олар кімдер?

Сәбилерді кімге, қаншаға “саудалады"?

Оның артында қандай топ тұр?

Бұл сұрақтарға міндетті түрде Денсаулық сақтау министрі Біртанов пен ішкі істер министрі Қасымов жауап беруі керек.

Бұл іс туралы тағдыры таразыға тартылып тұрған Ішкі Істер Министрі Қалмұхамбет Қасымов не айтады? Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов ше?

Біздің қазақ азаттық алғалы бері "саудагерлікті" кәсіп етті. Асты-үсті байлықтарымызды сатқанымыз аздай, шет елге жетім сатып масқара болдық. Сонда да ел алтын сандықтың үстінде әлі күнге жалаңаш отыр...

Енді міне, перзентханалар ескі әуеніне қайта салып, шақалақ сатуды тағы бастапты. Анасынан жаңа туған сәби сатылып жатқанда құпия тергеу мен құпия сот сатылмайды дей аламыз ба?

Аталған министрліктер мұндай істі ашық, жария түрде жүргізуі керек. Бала сатқыштардың жазасын қандай болатынын елдің білгісі келеді.

Нұрбике Бексұлтанқызы

Abai.kz










26 шілде 2018 ж. 755 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 664

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30