» » “Алтын алқа”, “Күміс алқа” иелеріне қандай жеңілдік тиесілі?

“Алтын алқа”, “Күміс алқа” иелеріне қандай жеңілдік тиесілі?

"Алтын алқа", "Күміс алқа" иелеріне қандай жеңілдік жасалады? Олар тұрғын үймен бірінші кезекте қамтамасыз етіледі деген ақпарат рас па? Жәрдемақы төлене ме? Алқа иелері қандай салықтан босатылады? Өзге де маңызды сұрақтардың жауабын видеодан біле аласыз.





Алтын алқа” жетінші сәби бір жасқа толған кезде және алты баласы тірі болған жағдайда ғана беріледі. Алты баласы бар аналарға “Күміс алқа” беріледі.

“Алтын алқамен” марапатталған немесе бұрын “Батыр ана” атағын алған көп балалы аналар бірінші кезекте тұрғын үймен қамтамасыз етіледі. Бұл туралы “Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградалары туралы” Заңының 36-бабында көрсетілген.

“Күміс алқа” алқасымен марапатталған көп балалы аналарға жергілікті бюджет есебінен жеңілдіктер белгіленуі мүмкін.

“Алтын алқа”, “Күміс алқа” алқаларымен марапатталған немесе бұрын “Батыр ана” атағын алған, «Ана даңқы» І және ІІ дәрежелі ордендерімен марапатталған көп балалы аналарға  – 6,4 АЕК (15 392 теңге) төленеді.

“Батыр ана” атағын алғандар, “Алтын алқа”, “Күмiс алқа” алқаларымен марапатталғандар жер, мүлік және көлік салықтарынан босатылады.

5 баланы дүниеге әкелген немесе асыраған және оларды 8 жасына дейін өзі тәрбиелеген 53 жастағы әйелдер мерзімінен бұрын зейнетке шығады.

“Алтын алқа”, “Күміс алқа” иерлеріне тегін дәрі-дәрмектер төмендегідей аурулар анықталған жағдайда беріледі:
  – Жүректің ишемиялық аурулары (ЖИА);
  – Артериялық гипертензия;
  – Созылмалы жүрек жетіспеушілігі (СЖЖ), оның ішінде дилатациялыкардиомиопатия;
  – Асқазанның және ұлтабардың ойық жарасы;
  – Остеоартроз.

baribar.kz



30 шілде 2018 ж. 4 570 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 767

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930