» » Кәсіпкер өз қаражатына салған ғимараттың бір бөлігін әкімдікке тегін берді

Кәсіпкер өз қаражатына салған ғимараттың бір бөлігін әкімдікке тегін берді

Қарағандылық кәсіпкер Болат Қожақпаев өз қаражатына салған ғимараттың бір бөлігін облыс орталығындағы Қазыбек би ауданының әкімдігіне тегін берді. Қазір мұнда АХАТ бөлімі орналасып, неке сарайы жұмыс істей бастады.



«Ақ сарай» деген атауға ие болған жаңа неке сарайының салтанатты ашылуына Қараған­ды облысының әкімі Ерлан Қошанов та қатысты. Өңір бас­шысы АХАТ бөлімінің жұмы­сымен танысып, дәл сол кезде салтанат залында тіркеуден өтіп жатқан жас жұбайлардың, алтын және күміс той иелерінің қуаныштарына ортақтасты. – Қарағандылықтарға дәл осындай сарайдың керектігі көп­тен бері белгілі болатын. Мұ­­ны қалаға жасалған сый деп қана түсінбеу керек. Бұл патриоттықтың және ме­це­наттықтың, ерен еңбектің жар­­қын үлгісі. Еліміздің әр тұрғыны, әр кәсіпкері «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жү­зеге асыруға қатысуы өте ма­ңызды, – деп атап өтті өңір бас­­шысы.

Бұған дейін Қарағандыдағы неке сарайы ескі және тар ғи­ма­ратта орналасқан-ды. Енді АХАТ қызметкерлері кең де самаладай жарық, жайлы жерде жұ­мыс істейтіндіктеріне қуа­нышты екендіктерін айтады. Бұл жерде шілде айының өзінде 500-ден астам тіркеу актілері жүзеге асырылған екен.

Жалпы, мейрамхана және қонақ үй кешені ретінде салын­ған жаңа ғимараттың аумағы 16,5 мың шаршы метрді құ­райды. Жоба құны 3 млрд теңге тұрады. «Ақ сарайдың» бой көтерген жері де некеге отырушы жас жұбайлар үшін өте қолайлы.Жаңа ғимарат қаланың қақ төріне салынған әрі дәл жанында Әнет баба атындағы орталық мешіт орын тепкен. 

Қайрат ӘБІЛДА,
«Егемен Қазақстан».













07 тамыз 2018 ж. 786 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 768

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930