» » Шымкенттік танымал кәсіпкер Шахановқа арнап коттедж салып берді (фото)

Шымкенттік танымал кәсіпкер Шахановқа арнап коттедж салып берді (фото)

СÑÑеÑ: zamana.kz

Отырар ауданының Жаңа Шілік ауылында Қазақстанның Халық жазушысы, ақиық ақын Мұхтар Шахановтың шығармашылық үйі ашылды. Бұл туралы zamana.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Ақынның 76 жасқа толуына байланысты ашылған шығармашылық үй туған күніне тарту болды. Салтанатты жиынға жиналған меймандар ақынға сый-сыяпаттар тапсырған. Өнерпаздар ақынның өлеңдерін оқып, сырлы әндерін орындады.

СÑÑеÑ: zamana.kz

Шығармашылық үй екі қабатты болып, ерекше дизайнмен салынған. Онда кітапхана, шығармашылықпен айналысатын жұмыс каби­неттері, демалыс бөлмелері және қонақ қабылдайтын бөлмелер бар. Бәрі де заманауи үлгіде жабдықталыпты. Келуші меймандар үйдің ішіне қойылған суреттер мен құжаттар ар­қылы ақиық ақынның бүкіл өмір жолымен дерлік таныса алады.
Жиынның әсерлі өткеніне риза болған ақын өз өмірінен естеліктер айтты, жиналған халыққа ризашылығын білдіріп, ғимараттың салынуына қаржылай демеушілік еткен белгілі кәсіпкер Серікжан Сейітжановқа алғысын жеткізді.

СÑÑеÑ: zamana.kz

NUR.KZ
09 шілде 2018 ж. 643 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 664

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30