«7-20-25»: ең көп сатылған пәтерлер белгілі болды
«7-20-25» бағдарламасы аясында беріліп жатқан пәтерлердің орташа аумағы 62 шаршы метрді құрады, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі «Баспана» ипотекалық ұйымы» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
62 шаршы метр болатын екі бөлмелі пәтерлер «7-20-25» бағдарламасы аясында сатылымның үздігі атанды. Ал тұрғын үйдің орташа бағасы 14 миллион 68 мың теңге.
Несие алушының орташа жасы да белгілі болды. Ол – Қазақстан Республикасының 24-40 жас аралығындағы азаматы. Оның айсайынғы жалақысы отбасына 200 мың теңгені құрайды.
«Біз банк тарапынан мақұлданғанын күтетін өтінімдердің көп екенін көрдік. Бұл «7-20-25» бағдарламасының әлеуметтік маңыздылығын, өзектілігін көрсетеді», - деді «Баспана» Ипотекалық ұйымы» АҚ басқарма төрағасы Қайрат Алтынбеков.
Оның айтуынша, бағдарлама бойынша жылдық 7% пәтерді жалдап тұрғаннан арзан түседі.
«Мұнымен қоса, несие алушы өз үйінде тұрады, енді ол пәтерді жалдамайды. Бұл шынымен өте жақсы ғой», - деді Қайрат Алтынбеков.
13 тамыздағы жағдай бойынша қазақстандықтардан 15,4 млрд теңгеге 1323 өтінім келіп түскен. Олардың 843-ін банк мақұлдады және жалпы сомасы 9,7 млрд теңге болды.
Қазіргі уақытта тұрғындар ЦентрКредит, АТФБанкі, Bank RBK және ЦеснаБанкінен ипотекалық несие ала алады.
Baq.kz
Пікір 2