Астанада 5 мектеп биыл латын әліпбиіне көшеді
Астананың 5 мектебі мен 3 колледжі пилоттық режімде латын әліпбиіне көшіріледі, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Елорда Инфоға сілтеме жасап.
Елорданың білім беру саласындағы жаңашылдық туралы Астана қаласының Білім басқармасының басшысы Әнуар Жанғозин дәстүрлі тамыз кеңсінде мәлімдеді.
Оның айтуынша, Астанада жаңашыл сыныптарды ашу көзделіп отыр. Жоба мемлекеттік тілді дамытуға бағытталған. Негізгі идеясы орыс тілінде білім алатын сыныптарды кезең-кезеңмен мемлекеттік тілдегі сыныптарға айналдыру.
Мұндай жаңа оқу жаңашыл сыныптар Астана әкімінің тапсырмасының негізінде №60 мектеп-лицейі негізінде ашылады. Сондай-ақ қыздарға арналған «Білім инновация» лицейінде енгізілетін болады.
«Жалпы, Астана қаласы бірінші болып барлық пилоттық жобаларға қатысады. Біздің ұстаздар әрбір өзгерістер мен жаңашылдыққа тез бейімделеді. Осы жылы елордалық білім ордаларында жүзеге асырылатын бірнеше пилоттық жобалар бар. Мысалы, электрондық оқулықтарды пайдалану екі мектепке енгізіледі. Астананың 5 мектебі мен 3 колледжі пилоттық режімде латын әліпбиіне көшіріледі», - деді ол.
Baq.kz
Пікір 2