» » Сапа — басты сұраныста

Сапа — басты сұраныста

Өңірлік коммуникациялар қызметінде  техникалық реттеу және метрология комитетінің облыс бойынша департамент басшы­сы Ерқанат Кеулімжаевтың қатысуымен брифинг өтті. Онда атал­ған салада  І жартыжылдықта атқарылған жұмыстар сараланды.
Сала басшысының айтуынша, жыл басынан бері 18 іріктеу тексерулер жүргізілген. Оның 11-де заң бұзушылықтар анықталып, бұл барлық тексерулердің 61,1 процентін құрап отыр.  Тексеру қорытындысы бойынша 83 дана өлшем құралдарын пайдалануға тыйым салу жөнінде 11 ұйғарымдар берілген.
– Биыл жоспарға сай департамент мамандарымен аймақтағы тауар өндіруші және қызмет көрсетуші кәсіпорындарда,  ірі сауда орталықтары мен базарларда, облыстың барлық аудандарында сапа менеджмент жүйесін енгізу, техникалық реттеу және метрология жүйесі талаптары мен өнімдерді каталогтау бойынша түрлі іс-шаралар жүргізілді. Өнімдерді каталогтау жүйесіне енгізу ұдайы күн тәртібінде. Осыған сәйкес, облыс кәсіпорындары шығарған 107 түрлі өнім осы жүйеге енді, – деді Е.Бозқұланұлы.
Бүгінде халықаралық сапа менеджмент жүйесін өндірістеріне ен­гізген кәсіпорындар бойынша аймақта 466 мекеме мен кәсіп­­­орынға халықаралық стан­дарт­­тар сапа менеджменті жүйесі енгізілсе, экологиялық стандарт­тар алу үшін 181, кәсіби қауіп­­сіздік және еңбек қорғау ме­недже­мент жүйесіне – 62, энерго­менеджментке – 3, азық-түлік өнім­дері қауіпсіздігі – менеджмент жүйесіне 8 мекеме енгізілген. Ал, Еуразиялық эко­но­микалық комис­­­сияның шеші­мімен Кеден одағы аясында қабылданып күшіне енген 37 техникалық рег­ла­­мент талаптарының сақ­­талу ережесіне сай 21 сынақ орта­­лығы мен зертхананың, 14 метро­­логиялық зертхананың және 1 сәйкестікті растау орга­ны­ның жұмыстары зерделенген. Сондай-ақ, 14 кәсіпорын мен облыс орталығындағы сау­да үйлер және сауда базарларында кәсіпорындардан түс­­кен техникалық реттеу сала­сы­­ның заңнама талаптары және проб­лемалық сұрақтар қарас­ты­рылып, уәкілетті органдарға ұсы­ныстар енгізу бағытында жұ­мыстар атқарылуда.
Саладағы басты жаңалық – мекеме жанынан кеңейтілген сынақ зертханасының ашылуы. Құрылыс өнімдерінің сапасын анықтайтын орталықта құрылыс өнімінің 23 түрі сынақтан өткізіліп, халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Айта кету керек, мекеме алдағы уа­қытта азық-түлік пен өндіріс орындарының өнімдерін де тек­серістен өткізетін болады.
26 тамыз 2018 ж. 622 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930