» » Қазақстанда ұшақта темекі шеккендерге жаза қатаңдайды

Қазақстанда ұшақта темекі шеккендерге жаза қатаңдайды

© pixabay.com


Қазақстанда ұшақ бортында темекі шеккені үшін жаза қатаңдатылмақ, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мұндай пікірді Мәжілісте "Халықаралық азаматтық авиацияға қатысты заңсыз актілерге күрес Конвенциясын ратификациялау" заң жобасын талқылау кезінде ҚР Инвестиция және даму министрі Жеңіс Қасымбек білдірді.

Заң жобасын талқылау кезінде депутаттар министрден Қазақстанда әуе кемесінің бортында темекі шегуге тыйым салынған деген ережені елемейтін азаматтарға қарсы жазалауды күшейту мәселесі қарастырылған ба деп сұрады. "Шынымен де, халықаралық тәжірибеде борт ішінде осындай заң бұзушылықтармен күрес шаралары әртүрлі.

Біз осыдан 2-3 жыл бұрын ғана авиациялық заң жобасына өзгертулер енгіздік. Осындай азаматтарға жазаны күшейттік - бұл 15 күн қамауда болу не 20 АЕК, Бұл көптеген мемлекеттерде қолданылатын тәжірибе.

Әуе компанияларымен белсенді түрде жазаны күшейту мәселесін қарастырып жатырмыз, мүмкін күшейту жөнінде ұсыныстар тастауымыз мүмкін", - деді Жеңіс Қасымбек сұраққа жауап бере отырып.

tengrinews.kz
05 қыркүйек 2018 ж. 759 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 692

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031