» » Қызылорда облысында әйел полиция қызметкерінің бетін тырнап тастады

Қызылорда облысында әйел полиция қызметкерінің бетін тырнап тастады

Қызылорда облысының Қазалы аудандық соты мас күйінде полиция қызметкерінің бетін тырнап тастаған әйелге қатысты сот үкімін шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасап Stan.kz.



Қазалы стансасының желілік ішкі істер бөлімінің патрульдік полиция қызметкері мас күйде болған әйелді тоқтатқан. Олар полиция қызметкеріне қарсылық танытып, бетін тырнап тастапты.

Азаматшаға қатысты ҚР ҚК 380-бабы 1-тармағына (Билік өкiлiнің өз қызметтік мiндеттерiн атқаруына байланысты не қызметтік міндеттерін орындағаны үшін одан кек алу мақсатында оған немесе оның жақындарына қатысты өмiрiне немесе денсаулығына қауiпті емес күш қолдану не күш қолдану қатерін төндіру) сәйкес қылмыстық із қозғалды.

«Сот отырысында сотталушы өзіне тағылған айыпты ішінара мойындады. Ол ҚР ҚК 380-бабы 1-тармағы бойынша кінәлі деп танылды. Оған 1 жылға бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды», – делінеді сот хабарламасында.

Stan.kz.




17 қыркүйек 2018 ж. 625 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 723

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031