» » Астанада “GGG – Чемпион” деген жазу пайда болды

Астанада “GGG – Чемпион” деген жазу пайда болды



"GGG Чемпион! Мәңгілікке! Бұл жазу бүгін саған арналған, Гена!", - деп жазды Сарыарқа ауданының әкімі Арман Тұрлыбек.

Әлеуметтік желі пайдаланушылары Геннадий Головкиннің жеңіліске ұшырағанына қарамастан осындай құрметке лайық екенін жазып жатыр. Қазақстан жұртшылығы мен мемлекет қайраткерлері Геннадий Головкинге үлкен қолдау көрсетті.

Маған да Головкин бұл жекпе-жекте аздаған басымдық танытып, жеңгендей болып көрінді. Алайда төрешілердің пікірі өзгеше болып шықты, оған қарсылық білдірудің маңызы шамалы. GGG Қазақстанды әлемдік аренада танытуға зор үлес қосты, сондықтан марапатқа әбден лайық, – деп жазды ҚР Парламенті Сенатының депутаты Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-дегі парақшасына.

Ал ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Қазақстан халқының батыр Генаға деген махаббаты таусылмайтынын айтты. Әнші Димаш Құдайберген де отандасын рингтегі жеңілісінен кейін қолдап, Instagram желісінде Қазақстанды танытуына қосқан үлесі үшін алғысын білдірді. Бұған дейін Геннадий Головкин мен Сауль “Канело” Альварестің рематчы қарсаңында Астанадағы “Самал” ықшамауданының үйлерінде “Алға, GGG!”, “Вперед, GGG!” жанатын жүгіртпе жазулар пайда болған еді.
Еске салайық, 15 қыркүйек күні Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-да қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық боксшы Сауль “Канело” Альварес жекпе-жек өткізді. Бұл кездесу боксшылардың өткен жылғы тең түскен кездесуінен кейінгі екінші жекпе-жегі болды. Осы жолы төрешілердің шешіміне сәйкес, 114-114, 115-113, 115-113 есебімен мексикалық боксшы айқастың жеңімпазы атанды. Бұл – Геннадий Головкин үшін кәсіпқой бокстағы 38 жеңісі мен тең дәрежеде түскен ойыннан кейінгі алғашқы жеңілісі.

https://baribar.kz
17 қыркүйек 2018 ж. 697 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 664

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30