Қызылордада заңсыз жүрген 83 шетелдік елден шығарылды
Қызылордада 17-20 қыркүйек аралығында «Заңсыз-2018» жедел алдын алу іс-шарасы жүргізілді. Осы шараның қорытындысы бойынша Қызылордада 814 адамның көші-қон заңнамасын бұзғаны анықталды, дееп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.
Жедел алдын алу шараларын жүзеге асыру мақсатында шетел азаматтарының көші-қон заңнамасын бұзу фактілерін анықтап, оларды әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін мобильді топтар құрылды. Сонымен қатар базарларда, құрылыс нысандарында, іздеудегі қылмыскерді анықтау үшін шетелдік азаматтар уақытша тіркеуде тұратын жерлерде рейдтер жүргізілген.
Осы жұмыстардың нәтижесінде 814 адамның көші-қон заңнамасын бұзғаны анықталды.
«Бұл адамдарға қатысты әкімшілік шаралар қолданылды. 83 шетелдік елден шығарылып, құжатсыз жүрген 29 азамат қабылдаушы-бөлуші бөліміне жеткізілді»,-делінген хабарламада.
Stan.kz