» » Сириядағы қазақстандықтар өздерін елден алып кетуді сұрауда

Сириядағы қазақстандықтар өздерін елден алып кетуді сұрауда

Сирияда жүрген 20-дан астам қазақстандық Сыртқы істер министрлігінен өздерін елге қайтаруды сұрауда. Көмекті Сирияға өз еркімен кетіп қалған азаматтарда да, олардың туыстары да сұрады, деп жазады Stan.kzақпараттық агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.





Олардың барлығы консулдықтың тіркеуінде тіркелмегендіктен, олар туралы ақпарат әлі де тексеріліп жатыр. Ресми түрде Сирияда 22 қазақстандық тіркелген. Олардың арасында ер адам бар, ол Сириға жұмыс бабымен кеткен. Ал қалғандары Сирия азаматтарымен некелескен әйелдер. Шетел азатына тұрмысқа шыққандардың жағдайы тұрақты және олар елшіліктен көмек сұраған жоқ.

«Бүгінгі күні консулдық қызметінің департаментіне соғыс алаңында жүрген қазақстандықтардың туыстарынан және өздерінен 20-дан астам өтініш келіп түсті. Біз оларды қайтарудың барлық мүмкін жолдарын қарастырамыз. Бұл мәселе тек СІМ құзыретінде ғана емес. Сондай-ақ, біз басқа құқық қорғау органдарымен бірлесе жұмыс жасаймыз»,-дейді ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінің жетекшісі Айбек Смадияров.

Stan.kz
25 қыркүйек 2018 ж. 549 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 494

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031