» » Сейсенбіде кей облыста тұман түсіп, көктайғақ болады

Сейсенбіде кей облыста тұман түсіп, көктайғақ болады



Астана, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктерінің болжамына қарағанда, сейсенбіде еліміздің басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады. Оңтүстік, оңтүстік-шығыстың кей жерінде қатты жаңбыр жауады, тек оңтүстік-батыста жауын-шашын болмайды. Кей жерде жел күшейіп, тұман түседі, көктайғақ болуы мүмкін.

Жамбыл облысының кей жерінде тұман түсіп, көктайғақ болуы мүмкін, жел жылдамдығы 15-20 м/с, түнде екпіні 23-28 м/с, облыстың оңтүстік-батысында 30 м/с және одан аса күшейеді.
Aқмола, Қостанай, Қарағанды, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қызылорда облыстарының кей жерінде тұман, көктайғақ, жел жылдамдығы 15-20 м/с болады.
Шығыс Қазақстан облысында желдің екпіні 25 м/с жетеді. Aлматы, Түркістан облыстарының кей жерінде тұман түсіп, жел жылдамдығы 15-20 м/с болады.
Aтырау, Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде тұман түседі.

Baq.kz
16 қазан 2018 ж. 637 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 134

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930