» » Бүгін жел күшейіп, жаңбыр жауады

Бүгін жел күшейіп, жаңбыр жауады


"Қазгидромет" РМК синоптиктерінің болжамына қарағанда, жұмада Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады, найзағай жарқылдайды, кей жерде бұршақ жаууы ықтимал, оңтүстік-шығыста жел соғып, шаңды дауыл тұрады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Ауа райы циклон және соған ілесе келетін атмосфералық ағындарға байланысты болады.
Еліміздің солтүстігі мен солтүстік-батысының кей жерінде тұман түседі.
Ақмола облысының кей жерінде тұман түсіп, бұршақ жаууы мүмкін, түнде кей жерінде, күндіз басым бөлігінде жел жылдамдығы 15-20 м/с, екпіні 25 м/с күшеюі ықтимал.
Алматы, Жамбыл, Қостанай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, күндіз Түркістан, Қызылорда облыстарының кей жерінде жел 15-22 м/с дейін күшейеді. Алматы облысында шаңды дауыл соғады.
Қостанай облысының кей жерінде тұман түседі.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде бұршақ жаууы ықтимал, жел 15-20 м/с, күндіз екпіні 25 м/с күшеюі мүмкін.
Қызылорда, Түркістан, Маңғыстау, Жамбыл облыстарының басым бөлігінде, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе және Қарағанды облыстарының кей жерінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Baq.kz

21 қыркүйек 2018 ж. 703 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 769

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930