» » Cаладағы жаңашылдық жетіле түседі

Cаладағы жаңашылдық жетіле түседі



Өңірге жұмыс сапарымен келген Қазақстан Рес­публикасы Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов пен облыс әкімі Қырымбек Көшербаев аудандық ішкі істер бөлімінің зәулім ғимаратын аралап, жаңа форматқа негізделген қызмет көрсету жағдайымен
танысты.

Мемлекет басшысы жариялаған "Қазақстан­дықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру" атты Жолдауында құқық қорғау органдарының жұмысына терең және сапалы өзгеріс қажеттігін атап өткен болатын. Бұл орайда аталған салада халықпен жұмыс істеудің жаңа заманауи форматтарын енгізіп, қалалық және аудандық ішкі істер органдары жанынан Халыққа қызмет көрсету орталықтарының қағидаты бойынша азаматтарды қабылдау үшін қолайлы жағдай жасауды талап етті. Осыған орай, аудан орталығында бой көтерген бұл ғимараттың материалдық-техникалық базасы толығымен жаңарып, халыққа ыңғайлы форматта қызмет көрсету стандартына көшкен.
Облыстық бюджет есебінен бой көтерген үш қабатты ғимараттың жалпы ауданы 1681,70 шаршы метрді құрайды. Сондай-ақ, заман талабына сай жабдықталған жаңа нысанда әкімшілік қамауға алынғандарды ұстау және уақытша ұс­тау изоляторы бар.
Аудандық ішкі істер бөлімінің басшысы Нұрлан Ибраевтың айтуынша, бүгінгі таңда бөлімде 85 адам қызмет атқарады. Сонымен бірге, 22 автотехника, 8 бейнебақылау камералары жұмыс жасайды. Қылмыстың алдын алып, қоғамдық тәртіпті сақтауда аудандық ішкі істер бөлімінің материалдық, техникалық мүмкіндігі мол. Ауданда өткен жылмен салыстырғанда, қоғамдық орындардағы қылмыс саны азайған.
Ауданға арнайы атбасын бұрған министр Қ.Қасымов өңірдегі қоғамдық тәртіпті сақтау және қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарға оң бағасын беріп, салаға енгізілген жаңашылдықты одан әрі жетілдіруге шақырды.

Нұрсұлтан ҚАЗБЕКОВ,
Маханбет АХМЕТОВ (сурет).

20 қазан 2018 ж. 727 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 724

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031