ҚҰРЫЛЫСТА ҚОЛТАҢБАСЫ БАР МАМАН
Өңірде құрылыс саласының ілгерілеуі экономиканы дамытудың негізгі іргетасы болып табылады. Біздің аймақта да бұл сала соңғы 5 жылда қарқын алды. Зәулім ғимараттардың көптеп бой көтеруі аймақтың ажарын айшықтап, экономикамызды нығайтты. Жалпы, 2 ғасырлық тарихы бар шаһардың шырайын келтіруде біздің құрыш қолды құрылысшылар аянбай тер төкті. Ұзақ жылдар бойы бір салада еңбек еткен Базарбай Наурызбаев та облыс көлеміндегі еңселі нысандарда өзіндік қолтаңбасын қалдырды.
Елу жылға жуық тәжірибесі бар майталман маман 1963 жылы мектепті үздік тәмамдап, «құрылыс саласының ілгерілеуіне атсалысамын» деген алдына үлкен мақсат қойды. Осылайша, Өзбекстанның Бұқара қаласында 3 жыл білім алды. Жинаған тәжірибесін елге келіп, жұртпен бөлісті. Сол жылдардың өзінде елдегі қаншама еңселі нысанның бой көтеруіне белсене атсалысты. Ағамыздың қолтаңбасы қалған зәулім ғимараттар қазірдің өзінде сол қалпында тұр. Себебі, әр істе жауапкершілікке мән беретін Базарбай Наурызбаев көбіне жұмыста сапаға аса зейін қоятын.
Құрыш қолды құрылысшы 1964-1965 жылдары әскерге барып, Отан алдындағы борышын өтеді. Алайда, бала күнгі мақсат Базарбай Наурызбаевты құрылыс саласына қайтып алып келді. 1965 жылы елге оралған бойда осы салада еңбек етіп, ауданның ажарын айшықтауда аянбай жұмыс жасады. Бұрынғы Коммунизм совхозында прораб болды. Ал, 1977-1978 жылдары аудандық колхозаралық құрылыс мекемесінде инженер болып еңбек етті. Майталман маманның жұмысқа деген жауапкершілігі мен өз ісіне деген шеберлігі көптің көңілінен шықты. Осылайша, 1978 жылы аудандық ПМК-14 мекемесіне бөлім басшысы қызметіне тағайындалды. Мұнан кейін ол ұзақ жыл бірнеше мекемеде басшылық қызметті жауапкершілікпен атқарды. Мекемедегі жас қызметкерлермен тәжірибесін бөлісуден де жалыққан емес. Оларға ұсталық өнердің қыр-сырын жете таныстырып, ағалық ақылын аямады.
Базарбай Наурызбаев еңбек тәжірибесінде тек аудандағы құрылыс саласының ілгерілеуіне ғана емес, өзге де аймақтарда бұл саланың бір ізге түсуіне белсенділік танытты. Облыстың басқа да аудандарында болып, артылған сенімді ақтай білді. Сол жылдары құрылысы қарқын алған нысандардың басым көпшілігінде ағамыз аянбай тер төкті. Осылайша, ол бала күнгі мақсатты жүзеге асыра отырып, елге де адал еңбек ете білді.
Сол жылдардың өзінде көпшіліктің ықыласына бөленген ағамыз кейін аудандық мәслихаттың депутаттығына үміткер болды. Тәжірибелі маманды халықтың қолдауы да заңдылық. Көп ұзамай мәслихат депутаты болып сайланды. Халық қалаулысы 2003-2007 жылдары ауданда күрмеулі мәселелердің шешімін табуға атсалысты. Өзінің ұтымды ұсыныстарының арқасында мұнда да елдің ықыласына бөленді.
Базарбай Наурызбаев зейнет жасына шықса да, қазірдің өзінде құрылыстан қол үзген жоқ. Кешегі аудандағы «Манақ баба» фермерлік қожалығының құрылыс жұмыстарына қатысты. Сондай-ақ, Еңбек ауылдық округіндегі жол жөндеу жұмыстарының сапалы орындалуына да белсенділік танытты. Ағамыздың ұзақ жылдық тәжірибесі бағаланып, бірнеше рет марапат төрінен көрінді. Аудан әкімі мен аудандық мәслихат хатшысының алғыс хаттарымен марапатталды. Мұнан бөлек, өткен жылы Қазақстан Республикасының «Құрметті құрылысшы» төс белгісін кеудесіне тақты.
Жуырда еліміздегі құрыш қолды құрылысшылардың еңбегін насихаттау мақсатында «Құрмет» кітабы жарық көрген болатын. Бұл еңбекке Елбасы алғы сөз жазып, құрылысшылардың өз ісіне адалдығын жоғары бағалаған еді. Аталған туындыға ағамыздың ұзақ жылдық тәжірибесі де арқау болды. Тың туындыға Жалағаш ауданы бойынша бір-ақ адам еніп отыр. Мұның өзі кейіпкеріміздің майталман маман екенін айшықтай түсті.
К.БОЛАТ.