» » Қызылордалық сексеннен асқан қария ат жаратып, жылқы бағып жүр

Қызылордалық сексеннен асқан қария ат жаратып, жылқы бағып жүр

Қызылорда, BAQ.KZ тілшісі. Қызылордалық сексеннен асқан қария Серікбай Ырысалиев жылқы бағып, ат жаратып жүр.


1937 жылы Сыр өңіріндегі қазіргі Жанқожа батыр ауылында дүниеге келген Серікбай ата күніне кем дегенде бес сағат аттың үстінде жүреді.

«Әкем Нұрғазы жылқышы болған. 8 сыныпты тәмамдап, әкеме қолғабыс ету үшін мен де жылқы бақтым. Содан бері дамыл таппай, төрт түлікті түлетіп келеміз. Қарақұмның Татымбай учаскесі біз үшін құтты қоныс болды. Онда бізден басқа ешкім жоқ, жалғыз үй тігілген. Биыл Татымбайда мал бағып отырғанымызға 61 жыл болды», - дейді Серікбай ата.

Қария атбегілікке 65 жасында ынта қойған екен.

«Мен аттың үстінде өстім. Қазір жасым сексеннен асса да, осы күні 5 сағат бойы ат үстінде жүремін. Таң атқаннан атқа қонып, мал жайғарып тастаймын. Шүкір, тұлпарыма өзім мініп, түсемін. Жылқыға жақын жүрсең, денсаулыққа да пайдалы», - дейді қария.
Келіні Әйгерім Ырысалиеваның айтуынша, атасы 17 жасында Мәдина апамызға үйленіп, 8 қыз, 5 ұл тәрбиелеп өсірген. Осылардан қазір 43 немере, 18 шөбере сүйіп отыр.

«Енеміз перзенттерін Қарақұмның қойнауында мал бағып жүріп, жапанда жалғыз қалып, акушерсіз босанған. Тіпті, перзентінің кіндігін өзі кесіп, өзі құндақтаған. Ал атамыз тыл ардагері. Қолына құрық ұстап, сәйгүлігін таңдайтын атамның жастарға ат жаратудан берер өнегесі мол. Мерейтойларда, мерекелерде өткізілген ат бәйгелеріне жүйрігін қосып, жүлделі орындарға ие болып жүр. Өзі сексеннің сеңгірінен асса да, аттан түспей, жылқы қайырып еңбектенгені өсіп келе жатқан жас өрендерімізге үлгі тұтарлық, мақтанарлық», - дейді Әйгерім.

Бүгінде қарияның немересі Арыстан ата кәсіпті жалғап, өрісте мал өргізіп, шаруаның шырайын келтіріп отыр.




30 қазан 2018 ж. 1 049 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 724

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031