» » Алматыда айыппұл төлемеген жүргізушілердің көлігі тартып алынады

Алматыда айыппұл төлемеген жүргізушілердің көлігі тартып алынады

Алматыда айыппұл бойынша қарызы бар азаматтардан автокөлігі тартып алынады, деп хабарлайды қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz ақпарат агенттігі.

ÐлмаÑÑда айÑппұл Ñөлемеген жүÑгÑзÑÑÑлеÑдÑÒ£ көлÑÐ³Ñ ÑаÑÑÑп алÑнадÑ

Алматыда «Борышкер» шұғыл-алдын алу шарасы жүргізіліп жатыр.

«Шараға заңбұзушылық бойынша есеп базасы, «КРИС-П», «ПОТОК-М» мобильдік кешендері, жеке меншік сот атқарушылары, қаладағы прокуратура органдарының қызметкерлері тартылды. Әкімшілік айыппұл төлемеген жүргізушілер анықталғанда, көлік құралы тартып алынып, мамандандырылған айыппұл тұрағына қойылады. Салынған айыппұл толық төленгенде, тұтқындалған көлік құралы айыппұл тұрағынан шығарылады», – дейді Алматы әкімішілік полиция басқармасының басшысының орынбасары, полиция полковнигі Еркін Өтегенов.

Қалалық полиция департаменті көлік иелерін салынған әкімшілік айыппұлды дер кезінде төлеуге шақырды.

Stan.kz 


29 қараша 2018 ж. 633 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 767

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930