1500-ге жуық зияткер оқушы қазақ күйлерін орындады
Қызылорда қаласындағы химия-биологиялық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі қала орталығында орналасқан «Aray city mall» сауда ойын-сауық орталығында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған домбырашылар флешмобынөткізді.
Шараның мақсаты қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, ұлттық өнеріміздің өркендеуіне үлес қоса алатын ұлттық және адамзаттық құндылықтарды өзара ұштастыра алатын ұлтжанды тұлғаны тәрбиелеу болып табылады.
Шара барысында оқушылар мен ұстаздардан құралған мектептің халық аспаптар ансамблінің 30-ға жуық мүшесі Құрманғазының «Балбырауын», «Адай», Нұрғиса Тілендиевтің «Әлқиса», «Баламишка» және Дәулеткерей Шығайұлының «Көроғлы» секілді қазақ күйлерін шебер орындады. Сонымен қатар, мектептің өнерлі оқушылары Елбасымыздың сүйіп тыңдайтын және Ұлт Көшбасшысына арналған әсем әндерден шеру жасап, мектептің «Самға» би тобы«Туған жер» музыкалық композияциясын сомдады. Ойын-сауық орталығына келген облыс тұрғындары өнерпаздардың өнерін тамашалап, мерекелік көңіл-күй сыйлаған зияткер оқушылармен бірге қазақ әуендерін шырқады.
– Өте ерекше, әрі тәрбиелік мәні зор шара болды. Сауда орталығында күмбірлеген домбыраның сазды үні естіліп, ұлттық өнеріміз насихатталды. Оқушылардың шығармашылығына сәттілік тілеймін», – дейді орталыққа келуші Майра Боранбаева.
Айта кетейік, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған флешмоб Назарбаев Зияткерлік мектептерінің қатысуыменеліміздің барлық өңірлерінде өтті. Оқушылар, мұғалімдер және ата-аналардан құралған 1500-ге жуық домбырашы бір уақтытта қазақ аспаптық шығармаларын домбыра үнімен орындап, аталмыш мерекені ұлықтады.

http://www.syrboyi.kz