ЖАЛАҒАШТЫҚ ӨРЕН ЖАРАДЫ
Астана қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясының "Мың бала" республикалық мәдени- ағартушылық жобасының қорытындылау шарасы өтті.
Шараның қорытындысы бойынша Қызылорда қаласындағы И.В.Панфилов атындағы №5 мектеп-лицейінің мұғалімі Ә.М.Жұмаділова «Тіл мектебі» атты қазақ тілін оқытудың авторлық бағдарламалары байқауының, ал Қызылорда облысы Шиелі ауданындағы №127 мектеп-лицейінің 9 сынып оқушысы Д.Владимирцева және Жалағаш ауданының №31 мектеп-гимназиясының 9 сынып оқушысы Ж.Хамиева «Асыл сөз» мектебі шешендік өнерге баулу байқауының жеңімпаздары атанды. Білім бәйгесінде топ жарып, аудан мерейін асқақтатқан жалағаштық өренге тек қана сәттілік тілеп, жеңіс тұғырынан көріне берсін дейміз.
Пікір 2